Сейдалиева Улжалгас Омиртаевна

Сейдалиева Улжалгас Омиртаевна

Ph.D. докторы, Жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Аға оқытушы

Автоматика және ақпараттық технологиялар институты

Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар кафедрасы

Email: s.jalgasa@gmail.222

H-index:
4

Кәсіби өмірбаяны

2012 жылы Сейдалиева У.О. Алматы Энергетика және Байланыс Университетін «5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016 жылы Сейдалиева У.О. «6М060400 – Физика» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистратура бөлімін аяқтаған. 2017 жылы Сейдалиева У.О Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «6D071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша докторантура бөліміне оқуға түсіп, 2020 жылы оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарын толық орындай отырып, докторантураның теориялық курсын сәтті аяқтады.

2016-2017 жылдар аралығында Сейдалиева У.О. "Электротехника, электроника және телекоммуникациялар" кафедрасында ассистент қызметін атқарды. 2017 жылдың мамыр айында Сейдалиева У.О. "Электротехника, электроника және телекоммуникациялар" кафедрасының тьюторы қызметіне ауысты. 2018-2020 жылдар аралығында Сейдалиева У.О. "Электротехника, электроника және телекоммуникациялар" кафедрасында лектор позициясында жұмыс атқарып, 2020 жылдың шілде айында кафедраның сениор-лектор қызметіне ауыстырылды.

12.09-26.09. 2015 ж. Сейдалиева У.О. Катания, Италия, Ұлттық ядролық физика институтының LNS және ядролық астрофизика тобының зертханаларында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ 12.09-20.09.2015 ж. Сейдалиева У.О. Ачиреаледегі (Италия) 8-ші Еуропалық эксперименттік ядролық астрофизиканың жазғы мектебіне қатысты.

05.02-31.05 2019 ж Сейдалиева У.О. Прескотт қаласындағы Эмбри-Риддл аэронавтика университетінде (АҚШ, Аризона) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.

01.06.2019 - 01.08.2020 аралығында Сейдалиева У.О. Пердью университетіндегі (АҚШ, Индиана) KSQ зертханасында шақыртылған ғалым (Visiting scholar) ретінде ғылыми жұмыспен айналысты, сондай-ақ, IITP студенттері үшін "Introdcution to Image Processing and Computer Vision" курсынан шағын дәріс және семинар сабақтарын жүргізді.

Сейдалиева У.О. Computer Vision және Deep Learning саласында ғылыми зерттеулермен айналысады. Сейдалиеваның ғылыми зерттеу тақырыбы визуалды деректер негізінде шектеулі аумақта нақты уақыт режимінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын анықтау жүйесін құруды мақсат ететін «Компьютерлік көру негізінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын анықтау және жіктеу» болып табылады.

Білімі

1. Сәтбаев Университет, 2017-2020 жж. 6D071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы бойынша теориялық курсты толығымен аяқтады.

2. Пердью университеті, Уэст-Лафайетт, Индиана штаты, АҚШ, 2019 жылдың маусымы – 2020 жылдың тамызы, Компьютерлік технологиялар кафедрасының ғылыми қызметкері.

3. Эмбри-Риддл аэронавтика университеті, Прескотт, Аризона штаты, АҚШ, 2019 жылдың ақпаны – 2019 жылдың маусымы, Электротехника кафедрасының ғылыми қызметкері. 

4. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2014-2016 ж.ж., жаратылыстану ғылымдарының магистрі, ЖООК-М No 0090539, мамандығы: 6М060400 – Физика.

5. «АЭжБУ» КЕАҚ, 2008-2012 ж.ж., техника және технологиялар бакалавры, ЖБ-Б No 0437180, мамандығы: 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар.

Ғылыми жобалар

Компьютерлік көру негізінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын анықтау және жіктеу.

Жоба визуалды деректерге негізделген шектеулі аймақта нақты уақыт режимінде дрондарды анықтау жүйесін жобалауға бағытталған.

Жарияланымдар

1. Seidaliyeva, U.; Akhmetov, D.; Ilipbayeva, L.; Matson, E.T. Real-Time and Accurate Drone Detection in a Video with a Static Background. Sensors 2020, 20, 3856, https://doi.org/10.3390/s20143856.

2. U. Seidaliyeva, M. Alduraibi, L. Ilipbayeva and A. Almagambetov, "Detection of loaded and unloaded UAV using deep neural network," 2020 Fourth IEEE International Conference on Robotic Computing (IRC), Taichung, Taiwan, 2020, pp. 490-494, DOI: 10.1109/IRC.2020.00093.

3. U. Seidaliyeva, M. Alduraibi, L. Ilipbayeva and N. Smailov, "Deep residual neural network-based classification of loaded and unloaded UAV images," 2020 Fourth IEEE International Conference on Robotic Computing (IRC), Taichung, Taiwan, 2020, pp. 465-469, DOI: 10.1109/IRC.2020.00088.

4. U.O.Seidaliyeva, L.B.Ilipbayeva, "Survey on different drone detection methods in restricted flight areas", Vestnik KazNRTU 6 (136), October 2019, Almaty, ISSN 1680-9211, p. 483-488.

5. D.Utebayeva, L.Ilipbayeva, U.Seidaliyeva, "Research of the features of biometric characteristics of phonemes of the Kazakh language", Information Technologies, Management and Society The 16th International Scientific Conference Information Technologies and Management, 2018 April 26 – 27.

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл