Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Смагулов Даулетхан Улиялович

Смагулов Даулетхан Улиялович

Техникалық ғылымдар докторы

Профессор

Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты

Материалтану, нанотехнология және инженерлік физика кафедрасы

Email: D.Smagulov@satbayev.university

H-index:
4

Докторанттардың саны:
3

Кәсіби өмірбаяны

Қазақстандағы металлургия материалдарының жетекші ғалымдарының бірі, 50 жылдық тәжірибесі бар мұғалім. Жасыл энергетика және жаңа материалдарды жасаудың теориялық негіздері саласындағы көптеген ғылыми жобалардың жетекшісі. Диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары. 165-тен астам ғылыми басылымдардың, оның ішінде импакт-факторлы 15, қазақ тіліндегі 2 оқулықтың авторы. Ол сапалы кәсіби қызметі үшін Еуропалық ғылыми-өндірістік палатаның алтын медалімен және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының «Үздік автор» дипломымен марапатталды. Ол «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаты. MSIT фазалық диаграмма саласындағы халықаралық сарапшылар тобының мүшесі (Макс Планк Институты, Германия).

Жұмыс тәжірибесі: 05.08.1969 - 01.02.1999ж ассистент, мұғалім, аға оқытушы, доцент; 2002 ж- Қ.И Сәтпаев атындағыҚазҰТУ-да «Металлургия және металдарды термиялық өңдеу» кафедрасының профессоры.                   

01.04.1984-1.02.1999ж және 01.02.2002 жылдан 31.08.2011жылға дейі Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, « Металлургия және металдарды термиялық өңдеу» кафедрасының меңгерушісі Қазіргі уақытта - ҚазҰТЗУ  профессоры.

2007-2012 жж 05.16.01 мамандығы бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары.

2014 ж - Материалтану және металлургия мамандықтары бойынша диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары.

2021 жылдан бастап Материалтану, нанотехнология және инженерлік физика кафедрасының профессоры

Білімі

Жоғарғы білім- 1969 ж. Мәскеу мемлекеттік болат және қорытпалар институтын (МИСиС) металдар физикасы және металлтану мамандығы бойынша бітірген. Ц №191916 диплом. 1974 жылы ММБжҚИ (МИСиС) диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғады.

2001 жылы Мәскеу болат және қорытпалар институтының «Металлургия және металдарды термиялық өңдеу» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде «Көп компонентті фазалық диаграммаларды есептеу және оларды қорытпалар жасау және өңдеу технологиясын жетілдіру үшін қолдану» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.