18 мамыр 5595

ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі тағайындалды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі Қаулысымен Балықбаев Қайрат Тәкірұлы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды.

Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды. Қайрат Балықбаев 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2003 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, 2005 жылы - Халықаралық бизнес академиясын, 2009 жылы - Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды тәмамдаған.

Экономист, экономикалық кибернетика, мұнай-газ ісі, менеджмент салаларында біліктілікке ие. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. Еңбек жолын 2003 жылы бастаған, коммерциялық және ұлттық компанияларда түрлі лауазымдарды атқарған.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қызметке тағайындалғанға дейін «ҚМГ Глобал Солюшнс Би. Ви.» КЖШБ бас директорының орынбасары қызметінде болған. 

 

 

Ақпарат көзі: inform.kz
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту