13 маусым 94

Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінің қорытындысы

Сәтбаев Университетінде Қазақстанның түкпірінен келген студенттер арасындағы жыл сайынғы Республикалық Олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Олимпиада кезінде жеңімпаздар өздерін жақсы жағынан көрсетті, оларға кәсіби салада одан әрі табыс тілейміз!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен пәндік олимпиадаларды өткізу кестесіне сәйкес, Сәтбаев университеті 3.05.2024 ж. "Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізді.

Пәндік олимпиада аясында Жалпы геология, Құрылымдық геология, Кристаллография және минералогия мәселелері қамтылды.

Басқарма мүшесі — академиялық мәселелер жөніндегі проректор Р. К. Ускембаеваның 26.04.2024 жылғы № 191-П/Ө бұйрығына сәйкес қазылар алқасы мен апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамы бекітілді. 2024 жылғы студенттер арасындағы жыл сайынғы Республикалық олимпиаданың II кезеңінің жеңімпаздары 6 адам болды:

Ларионова Ксения (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ) 1 орын

Шұғаева Сабина (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) 2 орын

Цыганкова Дарья (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ) 2 орын

Тілеухан Рахат (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ) 3 орын

Мәсімова Даяна (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) 3 орын

Талғатбек Айболат (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) 3 орын

 

Олимпиадаға ҚР 4 университетінен барлығы 12 студент қатысты:

1. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

2. Сафи Утебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

3. Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

4. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Хаттама

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту