21 қазан 2145

Satbayev University-де студенттер мен магистранттар үшін "Болашақ біздің қолымызда" атты ғылыми-практикалық конференция өтеді

2022 жылғы 21 қазанда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (Satbayev University) студенттер мен магистранттарға арналған "БОЛАШАҚ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА" ғылыми-практикалық конференциясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы күніне арналған ғылыми жетістіктер мен кітаптар көрмесі өтеді.

Конференцияға Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің білім алушылары (студенттері, магистранттары) шақырылады.

Конференцияға қатысу және материалдарды ұсыну үшін  

Өтетін орны мен уақыты: басталуы сағат 11:00-де, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University), Алматы қ., Сәтбаев 22, Д. К. Сүлеев атындағы ғылым және шығармашылық орталығы

Конференция форматы: офлайн

Қатысу нысандары:

  • Тезистерді жариялау + ауызша баяндама (ұзақтығы-5-7 минут);
  • Тек ауызша баяндама;
  • Тек тезистерді жариялау.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1.Жер туралы ғылымдар;

2.Экономика және менеджмент;

3.Техникалық ғылымдар.

Берілген өтінімдерге байланысты секциялар санының өзгеруі мүмкін.

Конференцияның тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция тезистері тегін жарияланады. Қосымша 1-де тезистерді ресімдеуге қойылатын талаптар көрсетілген.

** ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ТЕЗИСТЕР ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!!!

Бір автор 2 тезистен артық емес жариялауға құқылы.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдар, сертификаттар, сондай-ақ тезистер жинағын электронды түрде алады. Конференция жұмыстары жинағының электронды нұсқасы университет сайтында қол жетімді болады.

Конференция сұрақтары бойынша Ғылым департаментінің қызметкерлеріне хабарласуға болады:

Салыкова Сания Мұратқызы – ұялы тел. +77057620004, s.salykova@satbayev.university

Асқар Айдана Ералықызы - ұялы тел. +77026493338, a.askar@satbayev.university  

Мұнай ғимараты, 6 қабат, 610 каб.

тел.: 8 (727) 292-63-46, ішкі. 72-23

 

! Конференцияға тезистерді қабылдаудың аяқталуы - 2022 жылғы 19 қазан

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту