Бедельбекова Камшат Азатовна
Докторлық диссертация қорғау туралы хабарлама
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (ҚазҰТЗУ) 6D071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Бедельбекова Камшат Азатовна «Конструкциялық реакторлық материалдардың жоғары дозалы радиациялық зақымдалуын зондты мессбауэрлік атомдармен моделдеу» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысын қорғайды.
Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының базасында орындалды.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Дегтярева А.С. – техника ғылымдарының кандидаты, «Жану проблемалары институты» ШЖҚ РМК «Механика-химиялық процестер және жану проблемалары» зертханасының АҒҚ; Алматы қ., Қазақстан;
2. Озерной А.Н. – физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК, Алматы қ., Қазақстан;
3. Андрианов В.А. – физика-математика ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың Д.В. Скобельцын атындағы ЯФҒЗИ «Атом ядросының физикасы» кафедрасының ЖҒҚ, Мәскеу қ., Ресей.
Рецензенттер:
1. Исмаилов М.Б. – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Ғарыштық материалтану және аспап жасау департаментінің директоры, Алматы қ., Қазақстан;
2. Яр-Мухамедова Г.Ш. – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қатты дене физикасы және бейсызық физика» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан.
Диссертацияны қорғау 2021 жылы 21 сәуірде, сағат 10-00-де, мына мекен-жайда өтеді: 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі 29/133, Уәлиханов көшесінің қиылысы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Металлургия және кен байыту институты» АҚ ғимаратының конференц-залы.
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection,
e-mail: k.bedelbekova@inp.kz
Ғалым хатшы: т.ғ.к. Бурабаева Н.М.
e-mail: Nuri_eng@mail.ru, тел.: +7 (702) 294 77 71
Кездесудің бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=qVICfSYUaNw