AP19576987 Кен шоғырларын қауіпсіз игеруді қамтамасыз ететін жоғары технологиялы материалдардан модификациялы жетілдірілген озыңқы бекітпені қолданып орнықсыз массивтерді нығайтудың тиімді әдісін жасау
Жоба өзектілігі
Жұмыстың өзектілігі тау-кен массивтерін нығайту үшін тиімді шешімдерді әзірлеу қажеттілігінде, әсіресе деформациялар мен құлауға бейім отандық кен орындарында. Мұндай процестер жұмысшылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі және тау-кен жұмыстарының құнын арттыруы мүмкін. Фибергласс элементтері мен полимерлерден қорғаныс экранын әзірлеу массивтердің беріктігі мен тұрақтылығын арттыруға, ұңғыманың өзіндік құнын төмендетуге және тау-кен өнеркәсібіндегі еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді, бұл бұл зерттеуді отандық тау-кен кәсіпорындары үшін өзекті және маңызды етеді.
Жоба мақсаты
Жұмыстың 2024 жылға арналған мақсаты – таужыныстары массивінің механикалық сипаттамаларын талдауға және қорғаныс экранының жүк көтеруін есептеуге мүмкіндік беретін математикалық және шектік элементтер модельдерін құру әдістерін пайдалана отырып, полимерлермен біріктірілген фиберглас элементтерден жасалған қорғаныс экранының құрылымын жасау.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Зерттеу теориялық талдау мен алдын ала сынақтарға негізделген фибергласс элементтері мен полимерлерден жасалған қорғаныс экранының конструктивті талдауын қамтиды. Тау жыныстарының математикалық моделін құру аналитикалық және сандық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Модельдерді тексеру беріктік пен тұтқырлыққа зертханалық сынақтар арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ температура мен қысым сияқты факторлардың материалдардың мінез-құлқына әсерін талдау жүргізіледі. Сынақ нәтижелері қолданыстағы деректермен салыстырылады, бұл ұсынылған шешімдердің жаңалығын анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Аманжолов Дихан Балгабаевич
Жарияланымдар тізімі
Amanzholov D., Bakhramov B., Bektur B. Rock exfoliation in the unstable formations during underground mine working driving and selection of efficient adhesive compositions for strengthening //Mining of Mineral Deposits. – 2024. – Т. 18. – №. 3.