Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
23 маусым 22

AP19678114 «Табиғи шикізат қорынан экологиялық қауіпсіз беттік-активті заттар синтездеу және қасиеттерін зерттеу»

Жоба өзектілігі

Негізгі шикізат ретінде қол жетімді күнбағыс майы өндірісінің қалдығын (техникалық майлы қышқылдар қоспасын) пайдалану нәтижесінде синтездеп алынған жаңа неионогендік, аниондық және катиондық БАЗ-дардың өзіндік құны шетелдік (импортталатын) аналогтарымен салыстырғанда 10-20 %-ға арзанырақ болады.

Жоба мақсаты

Өндірістің әртүрлі саласында жуғыш және тазартқыш заттар, дисперстік жүйелердің тұрақтылығын реттегіштер, көбіктүзгіштер, флотореагенттер, бактерицидтік қосылыстар ретінде және басқа мақсаттарда пайдалануға болатын жаңа БАЗ-дарды қоры сарқылмайтын, экологиялық қауіпсіз табиғи (өсімдік тектес) шикізат көзінен синтездеу және өндіру технологиясын жасау.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер

Алғаш рет күнбағыс майы өндірісінің қалдығынан бөліп алынған майлы карбон қышқылдары қоспасын этиленгликольмен және оның туындыларымен (диэтиленгликоль (ДЭГ), үшэтиленгликоль (ТЭГ), полиэтиленгликоль-300 (ПЭГ-300), полиэтиленгликоль-600 (ПЭГ-600), полиэтиленгликоль-1000 (ПЭГ-1000) және диэтаноламин (ДЭА)) әрекеттестіру арқылы жаңа неионогендік БАЗ-дар (НИБАЗ) синтездеп алынды. Синтезделген неионогендік БАЗ-ды малеин және итакон ангидридтерімен этерифи-кациялау арқылы, сонан соң қанықпаған дикарбон қышқылдарын натрий сульфитімен сульфирлеу арқылы жаңа аниондық БАЗ-дар синтезделді. Майлы қарбонқышқылдары қоспасын N,N-диметиламинопропиламинмен және N-метилдиэтаноламинмен әрекеттестіру арқылы жаңа катиондық БАЗ синтезделді.

Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер

Научный руководитель Абдиев Калдибек Жамшаевич

Жарияланымдар тізімі

  1. Заявки «Способ получения анионного поверхностно-активного вещества на основе жирных кислот технического растительного масла» №  2024/0237.1, Авторы: Абдиев К.Ж., Журсумбаева М.Б., Сей-ткалиева Н.Ж., Садыков Б.Б., Кусаинова Г.К., Камбарова З.Н.
  2. Заявки «Способ получения анионного поверхностно-активного вещества на основе итаконовой кислоты и жирных кислот технического растительного масла», № 2024/0257.1, Абдиев К.Ж., Журсумбаева М.Б., Сейткалиева Н.Ж., Садыков Б.Б., Кусаинова Г.К., Камбарова З.Н.
  3. Заявки «Способ получения катионного поверхностно-активного вещества на основе жирных кислот технического растительного масла.», № 2024/0398.1, М.Б., Абдиев К.Ж., Сейткалиева Н.Ж., Садыков Б.Б., Кусаинова Г.К., Камбарова З.Н
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту