25 маусым 520

AP19679937 Тетрациклин/CuO нанобөлшектері бар целлюлоза наноталшықтары мен альгинат негізіндегі гибридті-гельдердің синтезі және қасиеттері (2023-2025 ж.)

Жобаның мақсаты

Биомедициналық мақсатта күріш қауызынан алынған целлюлоза наноталшықтары негізінде наногибридті гель алу әдісін әзірлеу, сонымен қатар CuO және тетрациклин нанобөлшектерін енгізу және олардың қасиеттерін зерттеу арқылы алынған наногибридті гельдің бактерияға қарсы және емдік қасиеттерін жақсарту.

Жобаның ағымдағы жағдайы

Күріш қабығынан микрокристалды целлюлоза алынды және оңтайлы жағдайлар анықталды. Микрокристалды целлюлозаның сапалық көрсеткіштері анықталды. Ылғалдылығы, күлділігі, α-целлюлоза, гемицеллюлоза және лигнин қалдықтары анықталды. Микрокристалды целлюлозаның физика-химиялық қасиеттері заманауи әдістермен зерттелді.

Еліміздің күріш қабығынан алғаш рет жаңа әдіспен целлюлоза наноталшықтары алынып, оған альгинат қосу арқылы гибридті гельдер дайындалды. Сонымен қатар, алынған гибридті гельдердің бактерияға қарсы және емдік қасиеттерін арттыру мақсатында тетрациклин және CuO-NB нанобөлшектері қосылып, олардың қасиеттері толық зерттелді. Заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, наногибридті гельдің бактерияға қарсы, оптикалық, механикалық қасиеттері мен физика-химиялық сипаттамалары, биоүйлесімділігі мен уыттылығы зерттелді.

Ауыл шаруашылығы қалдықтары болып табылатын күріш қауызын тиімді пайдалану; әртүрлі дәрежедегі терінің күйіктерін және көптеген жараларды емдеуге арналған мыс оксиді нанобөлшектері бар тиімді бактерияға қарсы гибридті гель өндіру. Жобаның нәтижелері ғылымның дамуына зор үлес қосуда.

Ғылыми жетекшісі: PhD, Құдайбергенов Қ.Қ.

Жобаны орындаушылардың сандық және сапалық құрамы: 7 орындаушы, оның ішінде: 3 PhD докторы, 4 магистр.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту