AP22683184 «Айналымдағы микроРНҚ молекулаларын нейродегенеративті аурулардың биомаркерлері ретінде зерттеу»
Жоба өзектілігі
Нейродегенеративті аурулардың көбеюі олардың ерте диагностикасын тиімді жүргізудің маңыздылығын арттырады. Айналымдағы микроРНҚ молекулаларын инвазивті емес биомаркер ретінде қолдану ауруларды клиникалық белгілерге дейін анықтауға мүмкіндік береді, бұл емдеуді уақтылы бастауға, аурудың дамуын баяулатуға және денсаулық сақтау жүйесіне түсетін ауыртпалықты азайтуға ықпал етеді.
Жоба мақсаты
Айналымдағы микроРНҚ молекулаларын нейродегенеративті аурулар үшін диагностикалық және болжамдық биомаркерлер ретінде зерттеу
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Нейродегенеративті бұзылыстарда жоғары немесе төмен дифференциалды экспрессияланған микроРНҚ молекулалары туралы ақпарат жиналды. Нейродегенеративті бұзылыстармен байланысты гендердің тізімі жасалды. Нейродегенеративті бұзылысты науқастардан және дені сау адамдардың (бақылау тобы) қандарынан плазма үлгілерінің жиынтығы жасалуда.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Белкожаев Аяз Маратович
Жарияланымдар тізімі
Belkozhayev A. et al. Differential microRNA expression in the SH-SY5Y human cell model as potential biomarkers for Huntington’s disease //Frontiers in Cellular Neuroscience. – 2024. – Т. 18. – С. 1399742.