Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
23 маусым 35

AP22685298 «Инновациялық биореакторда метанды жоғары ақуызды өнімге биоконверсиялау технологиясын жасау»

Жоба өзектілігі

Жоба метанды – күшті парниктік газдардың бірі – жоғары құнды ақуызды өнімге биоконверсиялау арқылы тиімді пайдалануға бағытталған. Бұл экологиялық мәселелерді шешуге және агроөнеркәсіпті сапалы ақуызды азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоба мұнай-газ, көмір және ауыл шаруашылығы салалары үшін өзекті, коммерциялық әлеуетке ие және орнықты даму талаптарына жауап береді.

Жоба мақсаты

Жобаның мақсаты – метанды биоконверсиялау технологиясын жүйелі түрде жетілдіру арқылы жоғары ақуызды өнім алу. Бұл инновациялық биореактор негізінде иммобилизаторлар жүйесін қолдануға негізделген. Мұндай тәсіл метанның метанотрофты бактериялармен (Methylococcus capsulatus) байланыс уақытын арттырып, үдерістің тиімділігін едәуір жоғарылатуға мүмкіндік береді. Метанотрофты бактериялар метанды ерітіндіден тиімді сіңіреді, нәтижесінде тез өсетін, оңай сіңірілетін аминқышқылдарына және пайдалы ақуыздарға бай жоғары ақуызды биомасса түзіледі

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер

Метанның ерітіндіде нашар еру жағдайында метанотрофты бактериялардың (Methylococcus capsulatus) биомассасын тиімді өсіруге мүмкіндік беретін иммобилизаторы бар биореакторда метанды жоғары ақуызды өнімге биоконверсиялау үдерісінің теориялық негіздемесін әзірлеу. Иммобилизатор қатысатын биореакторда метанотрофты бактериялардың (Methylococcus capsulatus), метанның және ауадағы оттегінің өзара әрекеттесуінің физика-химиялық, жылулық, гидродинамикалық және биологиялық үдерістерін зерттеу арқылы биомасса ферментерінің жоғары өнімділігін қамтамасыз ету.

Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер

Бектаев Максат Еркинович
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту