АР19680576 «Медициналық мақсатта жараны емдеуде ұзақ әсері бар көп функцияналды полимер композиттік материал әзірлеу»
Жоба өзектілігі
Қазақстандық кен орнының қолжетімді табиғи бентонитті саздарын қолдану және олардың негізінде күміс нанобөлшектерімен модификацияланған 3D-ПКМ бентониттері үшін толтырғыш алу.
Жоба мақсаты
Күміс нанобөлшектерімен модификацияланған бентонит, биополимер және белсенді дәрілік зат негізінде ұзақ әсер ететін көпфункционалды жараларды емдейтін 3D ПОЛИМЕР композициялық материалын әзірлеу.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Жұмыс нәтижелері Қалжат және Орта Тентек кен орындарының бастапқы бентониттерінің физика-химиялық қасиеті, оның ішінде элементтік құрамы, химиялық құрылымы, құрылымдық-фазалық сипаттамасы, морфологиясы зерттелді. Қалжат және Орта Тентек бентониттерінің жыныс түзуші минералы анықталды. Қазақстан Республикасының саздарын натрий карбонатының 3% ерітіндісімен декатионизациялау жүргізілді және саздың:натрий карбонатының оңтайлы арақатынасы анықталды. Рентгендік-флуоресцентті талдау және сканерлеуші электронды микроскопия көмегімен декатиондалған саз үлгілерінің химиялық құрамы мен морфологиясы анықталды. Жұмыс жаңалығы. Қалжат және Орта Тентек саздарының негізгі компоненттері кремний және алюминий оксидтері болып табылатыны анықталды. Рентгенқұрылымдық және ИҚ-спектроскопиялық талдау нәтижесінде Қалжат және Орта Тентек саздарының негізгі жыныс түзуші минералы Si7.80Al1.72Li0.16Fe0.20Mg0.28O20.00 құрамды монтмориллонит болып табылатыны анықталды.. Қалжат және Орта Тентек саздарының морфологиясы бөлшектердің әртүрлі мөлшерімен айқын қабатты құрылымымен сипатталады. Декатионизацияланған бентониттердің үлгілері алынды және олардың физика-химиялық, кеуекті-текстуралық, құрылымдық-фазалық, микроқұрылымдық және сорбциялық сипаттамалары, химиялық құрамы мен құрылымы зерттелді.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Научный руководитель - Керимкулова Айгуль Жадраевна