Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Алменов Талғат Мақұлбекұлы

Алменов Талғат Мақұлбекұлы

Техникалық ғылымдар кандидаты

Қауымдастырылған профессор

Профессор

Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты

Тау - кен ісі кафедрасы

Email: t.almenov@satbayev.university

H-index:
5

Кәсіби өмірбаяны

Техника ғылымдарының кандидаты, "тау-кен ісі" кафедрасының профессоры Алменов Талғат Мақұлбекұлы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-де 2003 жылдан бастап жұмыс істейді, "Тау-кен ісі" кафедрасында сабақ береді. Еңбек жолдары төменде келтірілген:

* 2022ж. 01 қыркүйек айынан -  қазіргі уақытқа дейін: Қ.И.Сәтбаев атындағы "Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті", "Тау-кен ісі" кафедрасы. Лауазымы:профессор; Яғни, 2022 жылдың шілде айындағы Конкурстық комиссия шешімі бойынша 3 жылға (2025жылдың 31 тамызына дейін) профессор лауазымында қызмет атқапып келеді.

* 2021ж. 01 қыркүйектен 2022 жылдың тамыз айына дейін: Қ.И.Сәтбаев атындағы "Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті", "Тау-кен ісі" кафедрасы. Лауазымы: қауымдастырылған профессор;

* 2016 ж. тамыз – 2021ж. тамыз: Қ.И.Сәтбаев атындағы "Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті", "Тау-кен ісі" кафедрасы. Лауазымы: сениор-лектор;

* 2012ж. қыркүйек – 2016ж. шілде: Қ.И.Сәтбаев атындағы "Қазақ ұлттық техникалық университеті", "Тау жыныстарын жарылыспен бұзу және шахта құрылысы " кафедрасы. Лауазымы: Доцент;

* 2008ж. қыркүйек – 2012ж. тамыз: Қ.И.Сәтбаев атындағы "Қазақ ұлттық техникалық университеті", "Тау жыныстарын жарылыспен бұзу және шахта құрылысы "кафедрасы. Лауазымы: аға оқытушы;

* 2005ж. қыркүйек-2008 тамыз: Қ.И.Сәтбаев атындағы "Қазақ ұлттық техникалық университеті",  "Тау жыныстарын жарылыспен бұзу және шахта құрылысы" кафедрасы. Лауазымы: Оқытушы;

* 2003ж. қыркүйек - 2005 тамыз: Қ.И.Сәтбаев атындағы "Қазақ ұлттық техникалық университеті", "Тау-кен жыныстарын жарылыспен бұзу және шахта құрылысы" кафедрасы, Лауазымы: Ассистент;

· 2001 ж. шілде - 2003 тамыз: "Қазақмыс" АҚ, Жезқазған шахталық өту тресі (ЖШПТ). Жезқазған қаласы. Лауазымы: тау-кен ұңғылау басқармасының ауысым бастығы (тау-кен шебері).

Т.М.Алменовке Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің 2022 жылғы 18 мамырдағы №203 шешімімен қауымдастырылған профессор атағы берілді. https://drive.google.com/drive/folders/1rosx0iBjDszX9ZyhI_RolxurGnTBWmBC?usp=drive_link 

2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Т.М.Әлменовтың 50-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері жарияланған. Оның ішінде кандидаттық диссертацияны қорғағаннан кейін Республикалық басылымдарда 20-дан аса ғылыми мақалалары, шетелдік халықаралық конференцияларда 20-дан аса баяндамалары, Scopus және Web of Science деректер базасына кіретін жоғарғы рейтінгті журналдарда 6 мақаласы; 2 өнертабыстық патенті; 1 өнертабыстыққа авторлық куәлігі; 4 оқу құралдары (2012ж., 2017ж., 2020ж., 2023ж.)  және 1 монографиясы жарық көрген.  

Т. М. Алменов 15 жылдан астам уақыт бойы Мемлекеттік гранттық қаржыландырылатын ғылыми жобаларға және  келісімшарттық ғылыми жобаларға үздіксіз қатысып келеді:

• 2018-2020 жылдарға арналған ГФ№2018/АР05133041 "Байытылуы қиын табиғи және техногендік минералдық шикізаттан алтын алудың цианидсіз технологиясын әзірлеу" атты тақырыбы бойынша жетекші ғылыми қызметкер ретінде ғылыми жобаға қатысқан. 

• 2021-2023 жылдары ИРН АР09259631   "Ұсақ, майда, бос және байланысқан алтынды ойпаттардың үлкен көлемді шашыранды шөгінділерінен алтын өндіру және өңдеу технологиясын әзірлеу (Такыр-Кальжыр учаскесі)" тақырыбы бойынша гранттық қаржыландырылатын ғылыми жобаға жетекші ғылыми қызметкер ретінде қатысқан.

• Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру жобасы аясындағы  2022-2024 жылдарға арналған ИРН АР14869802 "Гравитациялық байытудың инновациялық технологияларын және алтынға қатардағы Геологиялық сынамаларды минералогиялық талдауды әзірлеу" тақырыбы ғылыми жобасында жетекші ғылыми қызметкер болып табылады.

Т. М. Алменов "Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы", "Тау-кен қазбаларын жүргізу технологиясы", "Жерасты ғимараттарының геомеханикасы", "Жерасты ғимараттарының конструкцияларын есептеу", "Тау-кен қазбалары мен жерасты ғимараттарын бекіту тәсілдері", "Жерасты құрылыстарын салудың арнайы тәсілдері", "Арнайы бұрғылау-жару жұмыстары" курстары бойынша бакалаврларға, магистранттарға қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Барлық оқылатын пәндер ПОӘК-мен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, ол, қосымша үлкен қоғамдық жұмыстарға да ат салысады,яғни,  дипломдық жобалар мен магистрлік диссертацияларды қорғау жөніндегі Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылады. Кафедра бойынша оқу жүктемесін орындай отырып, ҚР Тау-кен өндіру кәсіпорындарында жұмыс істейтін түлектермен де үнемі байланыста болады. Сондай-ақ өзінің біліктілігін үнемі арттырып отырады, яғни соңғы үш жылда ол білім және ғылым саласындағы бірнеше біліктілікті арттыру семинарларына қатысқан.

Марапаттаулары мен грамоталары және т. б.: -Қазақ ұлттық техникалық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай жоғары білікті мамандарды дайындауға және дамытуға қосқан үлесі үшін грамотасы. Қ. И. Сатпева (ҚазҰТУ), Алматы, 2014ж. - ҚазҰТУ құрмет грамотасы. Қ.И.Сатпев университеттің спорттық өміріне белсенді қатысқаны үшін, Алматы, 2015ж. - "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай жоғары білікті мамандарды дайындау және дамытуға қосқан үлесі үшін грамотасы, Алматы, Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, 2016ж. - Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің құрылғанына 85 жыл толуына орай Тау-кен металлургия саласы үшін жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша білім беру саласына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы. "Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының Республикалық қауымдастығы", Нұр-сұлтан Қ., сәуір, 2019ж. - 2020 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Үшінші дәрежелі Кенші Даңқы" медалімен (№508-к , 24.08.2020ж.) марапатталған.

Білімі

Білімі: жоғары (техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор)

- 1991-1995ж.г. Кентау Кен-металлургия техникумын оқыған, Кентау қаласы, Қазақстан Республикасы. Мамандығы - "Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық және жерасты игеру технологиясы". Біліктілігі - тау-кен технигі және технологы. Диплом ОАБ № 0054871.

- 1995 жылдан 2001 жылға дейін Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Тау-кен факультеті. Қазақстан Республикасы. Мамандығы - 1902 "Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты игеру". Біліктілігі - "Тау-кен инженері". Диплом ЖБ № 0122518.

- 2004-2007ж.г. Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. Аспирантура, "Тау жыныстарын бұзу және шахта құрылысы" кафедрасында ізденуші. Қазақстан Республикасы. Мамандығы-25.00.22 Геотехнология (жерасты, ашық және құрылыс); Ғылыми дәрежесі – " техника ғылымдарының кандидаты (2009гж). Диплом ҒК № 0003470.  https://drive.google.com/drive/folders/1gkLOmQXv9PS7t5SyfmP_QC_3yPQu6MBw 

18.05.2022 Ж. Т. М. Әлменовке Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің 2022 жылғы 18 мамырдағы №203 шешімімен қауымдастырылған профессор  атағы берілді https://drive.google.com/drive/folders/1rosx0iBjDszX9ZyhI_RolxurGnTBWmBC?usp=drive_link