Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Балғаев Нұржан Ергенұлы

Балғаев Нұржан Ергенұлы

Ph.D. докторы

Қауымдастырылған профессор

Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты

Энергетика кафедрасы

Email: n.balgayev@satbayev.university

Кәсіби өмірбаяны

Бакалавриатты бітірген соң жолдама бойынша 2005 жылдың тамыз айынан сол жылдың қазан айына дейін «Ташкент электрмен қамтамасыз ету дистанциясында» түйіспелі желінің электрмеханигі болып жұмыс істеген.

2006 жылдың шілде айынан 2007 жылдың шілде айына дейін УК «Ташкент жылу станциясында» бу құбырлары инженері лауазымында жұмыс істеген.

2007 жылдың тамыз айынан педагогикалық жұмысын «Ташкент темір жол көлігі инженерлері институтының» «Электрмен қаматамасыз ету және микропроцессорлы басқару» кафедрасында асситент қызметінен бастаған.

05.13.05 – «Есептеу техникасы және басқару жүйелерінің элементтері мен құрылғылары» мамандығы бойынша «Бақылау және басқару жүйелері үшін үлкен токтардың гальваномагнитті датчиктері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған соң 2012 жылдың сәуір айында «Техника ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі берілген.

2013 жылдың қазан айынан «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің» «Электр энергетикасы және технологиялық кешендерді автоматтандыру» кафедрасында оқытушы лауазымында жұмысын жалғастырған. 2014 жылдың қыркүйек айынан аға оқыушы лауазымына ауыстырылған.

2014 жылдың желтоқсан айында ҚР БжҒМ-нің БжҒСБК тарапынан «Техника ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесінің баламалылығы танылған және 6D075100 – Информатика, есептеу техникасы және басқару мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілген.

2016 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың наурыз айына дейін Жоғары технологиялар инженериясы институтында директор орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

2018 жылдың наурыз айында «Энергетика» кафедрасына сениор-лектор лауазымына ауыстырылған.

2019 жылдың тамыз айынан Сәтбаев Университетінің «Энергетика» кафедрасында ассистент-профессор лауазымында жұмысын жалғастыруда.

Білімі

1. 2001 – 2005 жылдар, Ташкент темір жол транспорты инженерлері институты, Электр механика факультетінің күндізгі бөлімі, «Электр энергетикасы» бағыты бойынша. Диплом B № 192401, квалификация – «Электр энергетика бакалавры».

2. 2005 – 2007 жылдар, Ташкент темір жол транспорты инженерлері институты, Электр механика факультетінің күндізгі бөлімі, «Электрмен қамтамасыз ету» (салалар бойынша) мамандығы бойынша. Диплом M № 028860, квалификация – «Электрмен қамтамасыз ету магистрі».

3. 2009 – 2011 жылдар, Ташкент темір жол транспорты инженерлері институты, Электр механика факультетінің күндізгі бөлімі, 05.13.05 – «Есептеу техникасы және басқару жүйелерінің элементтері мен құрылғылары» мамандығы бойынша. Диплом 01 № 013177, ғылыми дәреже – Техника ғылымдарының кандидаты.