Джобалаева Гулим Сасановна
Техника ғылымдарының магистрі
Аға оқытушы
Автоматика және ақпараттық технологиялар институты
Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар кафедрасы
Email: g.jobalayeva@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Гүлім Сасановна - техникалық ғылымдар магистрі, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің (Satbayev University) Автоматика және ақпараттық технологиялар институтының Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың ғылыми қызметкері.
Гүлім Сасановна 2008 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша бакалавриатты аяқтады. 2010 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша магистратураны сәтті тәмамдап, техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алды.
2024 жылы Польша Республикасындағы Люблин политехникалық университетінде «Телекоммуникациялар» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми жарияланымдарының саны – 25-тен астам, оның ішінде халықаралық рецензияланатын Scopus/Web of Science дерекқорларында индекстелген 5 ғылыми мақаласы бар. Сонымен қатар 4 оқулық, 2 оқу құралы және 7 әдістемелік нұсқаулық жариялаған.
Гүлім Сасановна «Электрониканың физикалық негіздері», «Байланыс жүйелерін модельдеу», «Ғылыми зерттеу әдістерінің негіздері», «Модельдеуге арналған бағдарламалық құралдар», «Электротехникалық құрылғыларды модельдеу» пәндері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізеді. Оның жетекшілігімен студенттер республикалық олимпиадалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Кафедра мен институттың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Гүлім Сасановна – білікті оқытушы ғана емес, сондай-ақ жауапты әрі іскер маман.
Білімі
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті (Satbayev University), 2004–2008 жж. Мамандығы: 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 2008–2010 жж. Мамандығы: 6М070200 – Автоматтандыру және басқару Дәрежесі: техникалық ғылымдар магистрі Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті (Satbayev University), 2022–2025 жж. Мамандығы: 8D06201 – Телекоммуникациялар (докторантура) Люблин техникалық университеті (Politechnika Lubelska), Польша, Люблин қ. 15.06.2024–15.07.2024 жж. Бағыты: ТелекоммуникацияларҒылыми жобалар
1. ҚР Білім және ғылым министрлігі желісі бойынша ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу. Технопарк, ҚазҰТУ Қ. И. Сәтбаев атындағы Индукциялық қыздырғыш. 23.12.2011 ж. №433 қаулысымен
2. Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру 2012 -2014 жыл. 747. МОН ГФ 12.9 "күн батареялары – инвертор – энергия жүйесі"жүйесін зерттеу.
3. Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру 2015-2017 жыл № 757. БҒМ МФ 15 ИИТ 5. "Антибиотиктермен және агрессивті дәрілік препараттармен ағынды сулар төгінділерінің ластануын мониторингілеудің сымсыз бөлінген жүйесін әзірлеу".
4. ЖТН: AP19679602 «Жоғары жиілікті коммутациялық инверторы және жоғары кернеуді түрлендіру коэффициенті бар қос мақсатты байланыстырылған біртұтас мультикоптер платформасын әзірлеу» 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі)
Жарияланымдар
К. Н. Тайсариева, Г. С. Джобалаева, А. А. Абдыкадыров, А. Хабай, Ж.Ш. Тәуірбек. (2023) Кейінгі ұрпақ желілерінде шағын ұяшықты орналастыруды зерттеу Торайғыров университетінің хабаршысы, Энергетикалық сериясы, №3, 2023, С.334–344. ISSN: 2710-3420.
К. Н. Тайсариева, Г. С. Джобалаева, Е. Таштай, К. Б. Мүсілімов, І. Н. Исақожаева. Көпсатылы инвертордың минималды THD ауысу бұрышын анықтау әдістерін зерттеу Вестник Торайгыров университета, №2, 2025, С.300–313.
Taissariyeva K., Abdykadyrov A., Mussilimov K., Jobalayeva G., Marxuly S. Analysis and Modeling of Environmental Monitoring Using Multicopters International Journal of Innovative Research and Scientific Studies, 8(3), 2025, pages 2947–2960, ISSN: 2617-6548. Scopus (Undefined), 67-й процентиль, Q2.
Заттар интернет жүйесінде трафик моделі негізінде аномалияны анықтау Труды International Satbayev Conference 2023, С.522–526.
Jobalayeva G., Kengesbayeva S., Tashtay Y., Mussilimov K. Simulation and Optimization of UAV Group Control Strategies 2025 IEEE 5th International Conference on Smart Information Systems and Technologies (SIST), Added to IEEE Xplore: 01 September 2025.
K.N. Taissariyeva, N.T. Isembergenov, K.B. Mussilimov, G.S. Jobalaeva, I.N. Issakozhayeva. Қазақстан Республикасындағы әскери жүйелерде заттар интернеті технологияларын қолдануды зерттеу Научные труды Военно-инженерного института радиоэлектроники и связи, №4(54), 2023, С 276-284.
K.N. Taissariyeva, N.T. Isembergenov, K.B. Mussilimov, G.S. Jobalaeva, I.N. Issakozhayeva. Investigation of the output effect of a three-phase converter using pulse width modulation Научные труды Военно-инженерного института радиоэлектроники и связи, №4(54), 2023, С.89–95.
K.N. Taissariyeva, N.T. Isembergenov, K.B. Mussilimov, G.S. Jobalaeva, I.N. Issakozhayeva. Байланыстырылған мультикоптер жүйесін талдау және қолдану Научные труды Военно-инженерного института радиоэлектроники и связи, №4(54), 2023, С.96–102.
Тайсариева К. Н., Оспанова А. А., Джобалаева Г. С. 5G ұялы желілердегі ұяшықтардың орналасу тығыздығын талдау — Труды университета НАО «Карагандинский технический университет имени Абылкаса Сагинова», №4(93), 2023.
K.N. Taissariyeva, N.T. Issembergenov, K.B. Mussilimov, G.S. Jobalayeva, I.N. Issakozhayeva. The research on eight-level transistor-inverter to convert solar energy Научные труды Военно-инженерного института радиоэлектроники и связи, №3(57), 2024, С. 99-107.
К. Н. Тайсариева, Г. С. Джобалаева, Н. Т. Исембергенов, К. Б. Мүсілімов, А. Е. Куттыбаева. Мульти деңгейлі инвертордағы көп деңгейлі (SPWM) синусоидалы импульстік ендік модуляциясы Торайғыров университетінің хабаршысы, Энергетикалық сериясы, №1, 2024, С.300–313. ISSN: 2710-3420.
Тайсариева К. Н., Исембергенов Н. Т., Мүсілімов К. Б., Джобалаева Г. С., Исақожаева І. Н. Байланған мультикоптердің эскиздік моделін зерттеу Труды университета НАО «Карагандинский технический университет имени Абылкаса Сагинова», №3(96), 2024, С.387–393.
Исембергенов Н.Т., Тайсариева К.Н., Джобалаева Г.С., Мүсілімов К.Б. SіC құрылғыларының даму перспективалары Труды Международной научно-практической конференции «XVI Сагиновские чтения. Интеграция образования, науки и производства», Часть 2, 2024, С.147–149. ISBN: 978-601-355-375-7.
| № | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
|---|





