Ибрагимова Наргис Токеновна

Ибрагимова Наргис Токеновна

Гуманитарлық ғылымдар магистрі

Тьютор

Жобаларды басқару институты

Шет тілдер кафедрасы

Email: n.ibragimova@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

5 жыл еңбек өтілі бар ағылшын тілі оқытушысымын.

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде "Бакалавр" және Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде "Магистратура" мемлекеттік гранттарының иегерімін.

Өзімнің педагогикалық және кәсіби еңбек жолымды 2015 жылы Нұрсұлтан қаласында ағылшын тілінің оқытушысы болып бастадым. 2015-2016 жылдары аралығында оқытушы, 2016-2017 жылдары аға оқытушы қызметін атқардым.  2018-2019 жылдары ағылшын тілінен жеке дәріс бердім. Сонымен қатар Алматы қаласындағы Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де ғылыми тағылымдамаға қатыстым. 2019 жылдан қазіргі кезеңге дейін Satbayev University ағылшын тілі кафедрасында тьюторлық лауазымында еңбек етіп жүрмін.

Қосымша ақпарат:

1) IELTS 7.0 сертификатының иегерімін

2) Оңтүстік Кореядағы Gyeongsang National University-інде "2+2" білім беру бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяда білім алу сайысының жеңімпазы және финалистімін.

3) «Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ хабарлары» ғылыми журналында жарияланған психология және педагогика саласына қатысты ғылыми мақалалардың авторымын.

Білімі

2011 – 2015 - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей.

Мамандығы: Шет тілі: екі шет тілі

2013 – 2015 - Джионгсанг Ұлттық университеті, Оңтүстік Корея.

Мамандығы: Ағылшын тілі және әдебиет

2017 – 2019 - Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Алматы.

Мамандығы: Педагогика және Психология

Ғылыми жобалар

Шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері.

Жарияланымдар

«Отандық педагогикадағы жобалық қызметтің мәні».                                                                 Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ-інің Хабаршысы ғылыми журналы 4 (47) 2017-Алматы-Б. 24-32, б. 9. «Қазіргі жағдайда жобалық қызметті ұйымдастыру құрылымы мен кезеңдері». Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ-інің Хабаршысы ғылыми журналы 2 (49) 2018-Алматы-Б. 107-115, б. 9. «Шет тілін оқытудағы жобалар әдісінің дидактикалық мүмкіндіктерін талдау». Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ-інің Хабаршысы ғылыми журналы 1 (52) 2019-Алматы-Б. 37-45, б. 9.