Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Негим Аттиа Эльсайд Муса Эльишмави

Негим Аттиа Эльсайд Муса Эльишмави

Ph.D. докторы

Профессор

Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты

Мұнай инженериясы кафедрасы

Email: m.elsaid@satbayev.university

H-index:
8

Кәсіби өмірбаяны

Негим Аттиа Эльсайд Муса Эльишмави 1970 жылы 26 қаңтарда Египет Республикасының Шаркия қаласында дүниеге келген. Химия және химиялық технология саласындағы білікті маман. Әсіресе полимерлік химия, нанотехнология және оларды қолдану (бетон, бояулар, тыңайтқыштар, бактерияға қарсы және микробқа қарсы қолдану) салаларында.

1998 ж. Загазиг университеті, Египет. Жаратылыстану факультеті, органикалық химия кафедрасы. «Кейбір винил мономерлерінің эмульсиялық полимерленуі үшін иондық емес беттік-белсенді заттарды дайындау» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2005 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы. «Химия» факультеті «Жаңа гидрофильді сополимерлердің синтезі және оны цементке модификациялаушы химиялық қоспалар ретінде қолдану» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын үздік қорғаған.

2005-2006 жылдары «Ұлттық ғылыми орталық (ҰҒО)» «Полимерлер және пигменттер» кафедрасының аға ғылыми қызметкері қызметін атқарған. Эль Бехус, Докки 12311 - Каир - Египет.

2007-2009 жылдары Оңтүстік Кореяның Политехникалық университетінде ғылыми қызметкер жұмысын атқарды. Жоба тақырыбы: «Полиуретанды өнеркәсіпте синтездеу және қолдану». Jindo Chemical Co., Ltd, Оңтүстік Корея, компанияның ҒЗТКЖ орталығының ғылыми қызметкері. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы үшін өнеркәсіптік жаңа полиуретанды бояулар шығару жобасы жүзеге асырылды.

2010 жылдан 2012 жыл аралығы Малайзия Ғылым Университеті, Пенанг. Осы университеттен Қазақстандағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне шақырылған профессор ретінде келді, сол аралықтарда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті мен Малайзиядағы Малайзия ғылыми университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ М. Әуезов пен Малайзия Ғылым Университеті, арасында меморандумға қол қойылды. Қазақстан тарапынан жасалған меморандум негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қырықтан астам студенттер, магистранттар және PhD докторанттары Малайзия Ғылым Университеті, ғылыми тағылымдамадан өтті. Оның ғылыми жетекшілігімен барлық магистранттар мен PhD докторанттар дәріс тыңдады. Ғылыми зертханаларда олар өздерінің ғылыми зерттеулерін дамытты және Қазақстанда ғылыми диссертацияларды сәтті қорғады.

2013 жылдан 2015 жылға дейін Ұлыбританиядағы Вулверхэмптон университетінде академиялық оқытушы болып жұмыс істеді. Ол Мари Кюри атындағы Еуропалық Одақ жобасын жеңіп алды. «Тұрақты өздігінен нығыздайтын бетон өндірісі» жобасының жетекшісі ретінде Қазақстанның екі университеті арасындағы, яғни Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетімен Ұлыбританиядағы Вулверхэмптон университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы келісім аясында 20-дан астам студенттер, магистранттар және PhD докторанттары академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Вулверхэмптон университетінде білім алды. Сондай-ақ бірнеше студенттер зертханаларда ғылыми тағылымдамадан өтті, Британ университетінің дәрістерін тыңдады. Осы кезеңде Қазақстанның барлық үздік университеттері, атап айтқанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ және М.Х. Дулати атындағы ТарМУ доктор Негим Эльсайд Муса Эльишмави Аттияны студенттерге дәріс оқу және шетелдік мамандарды шақыру бағдарламасы бойынша кеңес алу үшін шақырды.

2015 ж. Негим Аттиа Эльсайд Муса Эльишмави Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы "Workshop"  грантын жеңіп алды. Оның 164-тен астам ғылыми жұмыстары, оның ішінде импакт-факторы жоғары журналдарда жарияланған. Оңтүстік Кореяның 6 авторлық куәліктері мен патенттері алынды, олардың көпшілігі өндіріске енгізілді (бояу және бетон), 4 кітап жазылды, біреуі ағылшын тілінде.

2015-2022 жылдар аралығында Негим Аттиа Эльсайд Муса Эльишмави, Алматы қ., Қазақстан-Британ техникалық университетінде профессор қызметін атқарды. Ол ҚБТУ-дың РЭК КИ, ҚМА сияқты әртүрлі кафедраларының магистранттары мен докторанттарына және энергетика және мұнай-газ өнеркәсібі факультетінде дәрістер оқиды. Соңғы 7 жылда ҚБТУ-да жұмыс істей жүріп импакт-фактор және Scopus халықаралық ғылыми журналдарында 55 мақала жариялады және 6 қазақстандық авторлық куәлік пен патент алды.

2022 жылдан бастап Алматы қаласы, Сәтбаев университетінің Мұнай инженериясы кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді. Түрлі факультеттердің магистранттары мен докторанттарына дәріс оқиды. Қазіргі уақытта әртүрлі университеттердің 5 магистрантының және 8 PhD докторантының ғылыми жетекшісі. Құрылыс индустриясы үшін полимерлерді зерттеу және әзірлеу саласындағы үлкен тәжірибесінің арқасында проф. Эльсайд Негим гранттық қаржыландыру бойынша үш жобаны басқарды. Соның бірі – ҚБТУ жанындағы PCF және екеуі – Ғылым қорының жанындағы Warda Star компаниясы мен Vaste компаниясының іскер серіктесінің қатысуымен жүзеге асырылуда.

Білімі

11.03.2001 – 26.04.2006: PhD. Полимерлер химиясы, ғылым факультеті – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы – Қазақстан. Диссертация тақырыбы «Жаңа гидрофильді сополимерлердің синтезі және оны цементке модификациялаушы химиялық қоспалар ретінде қолдану».

09.02.1996-13.5.1998: магистр. Органикалық химия, ғылым факультеті, Загазиг университеті, Египет. Дипломдық жұмыс тақырыбы «Кейбір винил мономерлерінің эмульсиялық полимерленуі үшін иондық емес беттік белсенді заттарды алу»

09.01.1987 - 28.05.1992: бакалавр. Загазиг университетінің  химия факультеті, Египет (5 жылдық курс).