Нурмакова Сауле Мукановна

Нурмакова Сауле Мукановна

Қауымдастырылған профессор

Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты

«Химиялық Процестер және Өнеркәсіптік Экология» Кафедрасы

Email: s.nurmakova@satbayev.111

H-index:
1

Кәсіби өмірбаяны

Университетті бітіргеннен кейін 1999-2000 жылдары О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде стажер-зерттеуші ретінде жұмыс істеді.

2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтының «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2001 жылы «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

«Алматы қаласындағы қолданыстағы экологиялық мониторинг жүйесін талдау және оны оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2001 жылдан 2003 жылға дейін Қазмеханобрдағы қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженер-экологы болып жұмыс істеді.

2002 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінің аспирантурасына оқуға түсті. 25.00.36 «Геоэкология» мамандығы бойынша «Краснооктябрьское кен орнының ағынды суларды тазарту үшін сапасыз бокситінен коагулянт алу технологиясын жасау» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап «Геоэкология» мамандығы бойынша техникалық ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алды

2002 жылдан бастап Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да Қолданбалы экология, Қолданбалы экология және биотехнология, Биотехнология, Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология кафедраларында жұмыс істеді. Жұмыс барысында білім беру бағдарламалары бойынша арнайы пәндерден (Табиғи және сарқынды суларды тазарту техникасы мен технологиясы, Кәсіпорындағы экологиялық және нормативтік құжаттама, Өндірістік экология, Қоршаған орта мониторингі, Ауаны қорғау және т.б.) оқу бағдарламалары бойынша сабақтар жүргізді. , «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Биотехнология», «Химиялық және биохимиялық инженерия», «Инженерлік экология», Қоршаған орта мониторингі, Атмосфералық ауаны қорғау және т.б.) білім беру бағдарламалары бойынша – «Экология», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Биотехнология», «Химиялық және биохимиялық инженерия», «Инженерлік экология», сонымен қатар «Экология және Тұрақты даму» инженерлік мамандығы студенттеріне арналған оқыту пәндеріне сәйкес ПОӘК және силлабустар әзірленді.

2019-2022 жылдар аралығында «Қазақстан қолданбалы экология агенттігі» ЖШС «Су ресурстары және нормалау» бөлімінің бас маманы, Алматы қ.

Стажер-оқытушыдан ассоциированный профессорге дейінгі ғылыми-педагогикалық тәжірибесі – 20 жылдан астам. 50-ге жуық ғылыми еңбектер мен 20 оқу-әдістемелік әзірлемелер жарияланды, 2 патенті бар.

2014 жылдан бастап ол келесі тақырыптар бойынша орындаушы болды:

1. 2014-2016 жылдарға арналған «Баламалы энергия көздері негізінде энергия тиімді технологияларды дамыту» нысаналы бағдарламасы.

2. Жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарына келісім-шарт № 10-19 10.10.2022 ж. «Ауыл шаруашылығында метан шығарындыларын азайту» (тапсырыс беруші – «Білім барине» ҚҚ).

Білімі

1994-1999

О.А. Байқоңыров атындағы Жезказған Университеті, Қолданбалы экология, Инженер-эколог, ЖБ-I-0016658

2000-2001

Алматы энергетика және байланыс институты (магистратура), Қолданбалы экология мамандығының магистрі, МТБ №0000371 13.11.2001 ж.

2002-2004

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (аспирантура), Техника ғылымдарының кандидаты, 25.00.36.- Геоэкология, FК-0001122  22.11.2007

Ғылыми жобалар

«Ауыл шаруашылығында метан шығарындыларын азайту» жобалық-зерттеу жұмыстары (тапсырыс беруші – «Білім барине» ҚҚ), 2022 ж.

Жарияланымдар

1.Tectonic evolution and hydrocarbon accumulation controlling characteristics of the Shu-Sarysu basin. A.S. Zhumagulov, M.T. Manzari, G.B. Kezembayeva, S.M. Nurmakova, D.B. Mukanov ИзвестиянациональнойакадемиинаукРеспубликиКазахстан. Серия геологии и технических наук. №5(455),2022 г., 289-306

2.  Мониторинговые исследования морской воды казахстанской части Каспия. Ж.А. Дюсенова, Г.Б. Кезембаева, С.М. Нурмакова Экологическая, промышленная и энергетическая безопасность-2018, 383-388

3. Утилизация золошлакоматериала от сжигания экибастузских углей Республики Казахстан. С.С. Нуркеев, А.С. Нуркеев, Г.Б. Кезембаева, С.М. Нурмакова Экологическая, промышленная и энергетическая безопасность-2018, 904-906

4. Методы по интенсификации процессов метанового сбраживания в биогазовых технологиях для отходов агропромышленного сектора Казахстана. С.С. Нуркеев, Г.Б. Кезембаева, С.М. Нурмакова, А.Т. Усербаева, Вестник современной науки, 19-23. 2015г. 5. Л.С. Курбанова, Б.Х. Тусупова, С.М. Нурмакова, А.К. Мекебаева, Б.К. Жаксылык Алматы қаласы ауасының азот диоксидімен ластануын ГАЖ технологиясын қолдану арқылы бағалау. Журнал Гидрометеорология иэкология, Алматы, №2, 2020, с.7-15.

6. Л.С. Құрбанова , Б.Х. Түсүпова , М.К. Нақыпбек , С.М. Нурмакова , Б. Асылбекова Мұнаймен ластанған топырақты тазарту әдістерінің тиімділігін эколого-экономиялық талдау. Вестник Евразийского технологического Университета, 2(44),2021 г.,с.83-89

7. Нурмакова С.М., Нурулдаева Г.Ж., А. Шаханова, Ч. Паржанов Комплексная переработка золошлаковых отходов ТЭС с получением высокотехнологичных продуктов. Proceedings of the 3 th International Scientific and Practical Conference SCIENTIFIC COMMUNITY: INTERDISCIPLINARY RESEARCH, HAMBURG, GERMANY, 16-18.03.2021

8. A.S. Zhumagulov, M.T. Manzari, S.M. G.B. Kezembayeva, Nurmakova, D.B. Mukanov “TECTONIC EVOLUTION AND HYDROCARBON ACCUMULATION CONTROLLING CHARACTERISTICS OF THE SHU-SARYSU BASIN” News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, Series of Geology and Technical Sciences 5 (455), с. 289-305. October 2022

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл