Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Озекбаева Назым Асылгазиевна

Озекбаева Назым Асылгазиевна

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Қауымдастырылған профессор

Жобаларды басқару институты

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Email: n.ozekbayeva@satbayev.university

Кәсіби өмірбаяны

Өзекбаева Назым Асылғазықызы – Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің жобаларды басқару институтының қазақ және орыс тілдер кафедрасының аға оқытушысы.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 2007 жылы «Оқушылардың лексикалық құзіреттілігін қалыптастырудағы коммуникативті-функционалды тәсіл («Орыс тілі» курсы бойынша)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Алматы облысының мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеді. Содан кейін С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ орыс тілі кафедрасының оқытушысы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тіл және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доцент м.а.

ҚР БҒМ ұсынған (11 жылдық білім берудің 6, 7, 10-сыныптары үшін) «Орыс тілі» пәні бойынша мектеп және жоғары оқу орындары оқулықтары мен оқу құралдарының, сондай-ақ ҚР БҒМ бекіткен 12 жылдық мектептің қазақ тілінде білім алатын 5, 6, 7, 8, 11-сыныптары үшін "Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен әдістемелік ұсынымдардың авторы (2017-2020 ж.), ("Атамұра"баспасы).

Жалпы педагогикалық өтілі – 31 жыл.

Білімі

1986-1991 ж. Алматы қ. С.М. Киров атындағы ҚазМУ. Филология факультеті. Орыс тілі мен әдебиет оқытушысы.

1998-2001 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ. Аспирантура - "Орыс тілі мен әдебиетін оқытудың теориясы мен практикасы" кафедрасының ізденушісі.