Сарсенбаев Нұрлан Сәдуақасұлы

Сарсенбаев Нұрлан Сәдуақасұлы

Техникалық ғылымдар кандидаты

Қауымдастырылған профессор

Автоматика және ақпараттық технологиялар институты

Автоматтандыру және басқару кафедрасы

Email: n.sarsenbayev@satbayev.111

H-index:
1

Кәсіби өмірбаяны

Сарсенбаев Нұрлан Сәдуақасұлы, 1975 жылы 16 наурызда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген,  Тоғыз бекеті.

1992 жылы № 30 орта мектепті бітірді, осы жылы О.А.  Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіне, инженерлік-механикалық факультетіне, мамандығы: «Өнеркәсіпті, кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша оқуға түсті, 1997 жылы аталған университетті сәтті аяқтады.

Еңбек жолын 1997 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің электрмен жабдықтау кафедрасында ассистент ретінде бастады. 

1998 жылдан 1999 жылға дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етті.

1999 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің электрмен жабдықтау кафедрасында ассистент ретінде жұмысқа қайтадан қабылданды. 

2000-2003 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Электр жетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру» кафедрасында күндізгі аспирантурада оқыды.

2003 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің автоматика және телемеханика кафедрасына оқытушы болып қабылданды.

2008 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады. Диссертация тақырыбы: «Асинхронды-вентильді каскад және екі жақты қоректенген машина негізінде айналу жиіліктері  үйлестірілген екі қозғалтқышты электр жетегін жасау».

2008 жылы ол Қазақстан Республикасының жас ғалымдарының дипломының иегері болды.

2009-2011 жж. - Автоматика және телекоммуникациялар институты директорының орынбасары.

Қазіргі уақытта мен Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университетінде, Автоматтандыру  және басқару кафедрасында ассистент-профессор қызметінде еңбек етемін және «Автоматтандыру жүйелерінің атқарушы құрылғылары», «Қуатты электрондық автоматика құрылғылары», «Автоматиканың техникалық жабдықтары»,  « Механизмдердің мен станоктардың атқарушы құрылғылары», «Автоматтандырылған жобалау жүйелері», «Автоматтандыру жүйелерін монтаждау және іске қосу» пәндері бойынша бакалавриат және магистратура үшін барлық дайындық түрлерін жүргіземін. Осы пәндер бойынша мен оқу-әдістемелік кешендер мен курстық бағдарламалар (Syllabus), практикалық және зертханалық сабақтарды қазақ және орыс тілдерінде өткізуге арналған нұсқаулықтар дайындап шығардым.

Сонымен қатар, мен дипломдық жобалар мен магистрлік диссертацияларды жүзеге асыруда магистранттар мен бакалаврлардың жетекшісімін, менің жетекшілігіммен «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша 20-дан астам магистранттар бітірді.

Ғылыми-педагогикалық қызмет басталғаннан бері мен 50-ден астам ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстарды, соның ішінде өнертабысқа Қазақстан Республикасының 1 патентін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған мемлекеттік тілдегі 1 оқулықты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынған ағылшын тіліндегі 1 оқулығын шығардым.

Білімі

1. Жоғары, 1992-1997 жж., О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті , инженерлік-механикалық  факультеті, «Өнеркәсіпті,  кәсіпорындарды электрмен жабдықтау және электрлендіру» - мамандығы, біліктілігі - электрик, ЖБ-II № 0159377

2. Аспирантура, 2000-2003 жж., Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, "Электрэнергетикасы және техникалық кешендерді автоматтандыру кафедрасы", техника ғылымдарының кандидаты, №0002542, №1хаттама 26.01.2009 жыл. 

Ғылыми жобалар

Ғылыми жобаларға орындаушы ретінде қатысу:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кепілгерлік бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер. № 747 келісімшарт бойынша мердігер.MON.GF.12.9 «Күн батареялары-инверторлық-электрлік жүйені зерттеу» 2013-2014 жж.

2. Жел турбиналары мен шағын гидроэлектростанцияларға арналған баяу қозғалмалы қозу генераторы, 2017-2020 жж

3. Кешенді энергетикалық нысандарды басқарудың интеллектуалды жүйелерін дамыту.

Қазіргі уақытта мен бастамашыл тақырыптар аясында «Жел генераторлары мен шағын гидроэлектростанцияларға арналған екі жақтан қоректенген машина сұлбасы бойынша генератор жасау» және «Басқару жүйесімен жылжымалы биогаз қондырғысын жасау» тақырыбтарында зерттеу жүргізіп жатырмын.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша бірнеше ғылыми мақала жарияланды. Менің жетекшілігіммен 5 магистрант жаңартылатын энергия көздерімен байланысты ғылыми тақырыпта жұмыс жасайды.

Жарияланымдар

1. Н.Т. Исембергенов, Н С Сарсенбаев. Двухдвигательный электропривод тягодутьевых механизмов котельной установки.  Международная  конференция «Вычислительные и информационные технологии в науке, технике и образовании», Павлодар, Казахстан, 20 – 22 сентября 2006 года

2. N Sarsenbayev. Energy-saving electric drive for capacity regulation of the blowing fans of the kiln  - Information Technologies, Management and Society, 2018

3. Сарсенбаев Н.С., НурумовА.А., НурмаковЕ.Н. Моделирование двухдвигательного автоматизирванного электропривода  синхронного вращения в среде Matlab. Труды Сатпаевских чтении «Инновационные решения традиционных проблем: инженерия и технологии»:  КазНТУ имени К.И. Сатпаева, Алматы, 2018 г.

4. N.Sarsenbayev. Computer research of the influence of the replacement circuit parameters in transient processes in a twin-engine electric drive. The 17th INTERNATIONAL CONFERENCE INFORMATION TECHNOLOGIES AND MANAGEMENT 2019, April 25-26, 2019, Information Systems Management Institute, Riga, Latvia

5. Сарсенбаев Н.С., Шыныбай Ж.С., Кезембаева Г.Б., Нурмакова С.М. МОБИЛЬНАЯ БИОГАЗОВАЯ УСТАНОВКА С СИСТЕМОЙ АВТОМАТИЧЕСКОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ В ОСНОВНЫХ ТЕХНОЛОГИЧЕСКИХ ПАРАМЕТРОВ МАТЕРИАЛЫнаучной конференции ИИВТ КН МОН РК «Инновационные IT и Smart-технологии»,посвященной 70-летнему юбилею профессораУтепбергенова И.Т.Алматы, 2019 г.

6. Сарсенбаев Н.С., ЧарибаеваС.К  , Гайноллаев М.Ж.Регулирования производительности дутьевых вентиляторов обжиговой печи в производстве серной кислоты. Труды Сатпаевских чтении «Инновационные решения традиционных проблем: инженерия и технологии»:  КазНТУ имени К.И. Сатпаева, Алматы, 2019 г.

7. Сарсенбаев Н.С., Токмолдаев А. Б., Бейсенғалиев Б.Б. Динамические характеристики двухдвигательного электропривода. Международная  агроинженерия, №3, 2018.

8. Сарсенбаев Н.С., Құсайынбек Қ. Обзор  существующим системам стабилизации частоты и интеграция ветроэнергетических установок в электрические системы. Высшая  школа Казахстана, 4(1)/2018, Алматы, 2018 г.

9.Сарсенбаев Н.С., Кызырбек Д. Основные характеристики синхронного генератора ветроэнергетической установки. Высшая  школа Казахстана, 4(1)/2018, Алматы, 2018 г.  

10.Сарсенбаев Н.С., Камзанов Д. Электропривод согласованного вращения по каскадной схеме  для  конвейрных линий. Вестник КазАТК имени К. Тыншпаева, 2017, №3.

11. Сарсенбаев Н.С., Омаров Т.Ф., Молдабаев А., Шанбаев М. Электропривод по схеме асинхронно-вентильного каскада для регулирования дутьевх вентиляторов обжигивой  печи. Журнал. Поиск.Алматы, 2017.№4.

12. Сарсенбаев Н.С., Агабекова Ы., Жапатова А. Технико-эконимические  показатели энергосберегающих электромеханических систем на  базе асинхронных двигателей. Журнал. Поиск.Алматы, 2017.

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл