Сатынбекова Меруерт Мірқадірқызы

Сатынбекова Меруерт Мірқадірқызы

Ph.D. докторы

Аға оқытушы

Жобаларды басқару институты

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Email: m.satinbekova@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

Сатынбекова Меруерт Мірқадірқызы –түркітанушы, Ph.D.

2011 жылы алғашқы еңбек жолын Абай атындағы ҚазҰПУдегі Жамбылтану және халық ақындары ғылыми-зерттеу институтының әдіскері ретінде бастады.

2012-2014 жж.осы институттың аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

2014-2016 жж. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының алдымен Ежелгі дәуір әдебиеті бөлімінде, кейін Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінде ғылыми қызметкер ретінде еңбек етті.

2019 ж. Бакуге жасаған 10 күндік іссапары барысында Әзірбайжан Ұлттық Ғылымдар Академиясының фольклор бөлімінде және Е. Ахундов атындағы ұлттық кітапханада ғылыми деректер жинаумен айналысты.

2023 ж.Түркия мемлекетіндегі Хажеттепе Университетінің докторантурасын Түркітану мамандығы бойынша аяқтады.

Білімі

2009 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді. Сол жылы аталмыш факультеттің магистратурасына оқуға қабылданып, 2011 жылы ойдағыдай аяқтады.

2010 жылы Стамбул Университетінің филология факультетінде 1 айлық ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ғылыми жобалар

Сатынбекова Меруерт келесі жобалардың орындаушысы болды:

Авторлық ауызша әдебиет және көркемдік рецепция (жоба жетекшісі ф.ғ.д., проф. Б. Ыбырайым) Абай Университетінің ректоры қаржыландырған жоба. ТМД елдері ғалымдарының М.О.Әуезовтің шығармашылық мұрасын зерттеу мәселелері. (жоба жетекшісі ф.ғ.к., С.Қорабай)№ 0115РК01683, ҚРБҒМ іргелі қолданбалы жобасы.

Жарияланымдар

1. «Із және біз...» Қазақ әдебиеті. №31. 17.07.2009. 

2. Жамбыл Жабаев. Библиографиялық көрсеткіш. Абай атындағы ҚазҰПУ: “Ұлағат” баспасы. 2012 ж.

4. Айтыстың көркемдік әлемі. Монография. Абай атындағы ҚазҰПУ: “Ұлағат” баспасы. 2016 ж.

5. Ақан Сері Қорамсаұлы. Шығармалары. І том. Абай атындағы ҚазҰПУ: “Ұлағат” баспасы. 2013ж. (Құр.: Ыбырайым Б., Елесбай Н., Сатинбекова М.).

6. Балуан Шолақ Баймырзаұлы Шығармалары. Абай атындағы ҚазҰПУ: “Ұлағат” баспасы. 2013ж. (Құр.: Ыбырайым Б., Елесбай Н., Сатинбекова М.).

7. Aқындық тәсіл және шеберлік. Қазақ әдебиеті. №8. 27.02.2015. 10-11 бб.

8. Kazak Aşık Cambıl Cabayev tarafından icra edilen “Köroğlu” destanı üzerine (баяндама, Нигде қ., Cappadocia Social Science Students Congress, 2019).

9. Sözlü ve yazılı kültürbağlamında KazakTürklerinde jumbak aytısı (баяндама, Анкара қ. UKDA sempozyum, 2019).

10. Sözlü şiirden aytısa: kazak folklorundaki bädik şiirlerinin türsel değişimi. Motif Akademi Halkbilimi Dergisi, 2022, Cilt: 15, Sayı: 38, 458-468. (мақала).    

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл
1 ЭКСПРЕССИВТИК СТИЛИСТИКА: ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ КОДТАҒЫ ЛИНГВОМӘДЕНИ ПАРАДИГМАЛАРЫ Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы Филология ғылымдары 2024