Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Телков Шамиль Абдулаевич

Телков Шамиль Абдулаевич

Техникалық ғылымдар кандидаты

Доцент

Профессор

Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты

Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту кафедрасы

Email: naukaty@mail.ru

H-index:
3

Докторанттардың саны:
1

Кәсіби өмірбаяны

Профессор, техника ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті, кенді байыту саласының маманы

Ғылыми қызығушылықтарының бағыты – қара, түсті және асыл металдар кендерінің байытылуын зерттеу. 49 жыл ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысады.  Мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі 51 жыл. 150-ге жуық ғылыми жұмыстардың, 10 патенттің және авторлық куәліктердің авторы. 40-тан астам шаруашылық келісім-шарт жұмыстары және 1 гранттық қаржыландыру жобасының ғылыми жетекшісі. 10 жылдан астам Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының сарапшысы болып табылады. 

Ғылыми бөлімі: 1971 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін полиметалл кендерін (Ертіс, Белоусовск, Риддер-Соколь, Зырян, Шалқия, Жәйрем, Ащысай, Текелі, Тұйық кен орындары), сирек металл кендерін (Тырнауз, Пырқақай, Ингичкин кен орындары), сурьма-сынап кендерін (Хайдарқан кен орындары), барит кендерін (Мырғалымсай, Шығанақ, Ауырташ, Жәйрем, Бестөбе, Қатын-Қамал, Кентөбе, Барит, Жұманақ кен орындары), марганец кендері (Жезді, Үшқатын, Тур, Жомарт, Шығыс және Батыс Қамыс, Айтөкше, Шуылдақ, Керегетас, Суықсу, Қаратас, Жақсы, Ақжар-Сарытұм кен орындары), темір кендері (Үшқатын, Қаражал, Кентөбе, Велиховск, Үлкен Қытай кен орындары), мыс кендері (Қоңырат, Саяқ, Абыз кен орындары), хром кендері (Кемпірсай кен орындары) байыту саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін орындау және енгізу тәжірибесі бар. Сондай-ақ техногенді шикізатты өңдеу саласында зерттеумен айналысты: Өскемен ҚМК клинкері.

Білімі

1964 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Металлургия факультетіндегі "Пайдалы қазбаларды байыту" мамандығына оқуға түсіп, оны 1969 жылы бітірді.

1971-1974 жылдары ҚазПТИ аспирантурасында "Асыл металдар металлургиясы және пайдалы қазбаларды байыту" кафедрасында оқыды.