Турлыбекова Гулжан Капасовна
Техникалық ғылымдар кандидаты
Қауымдастырылған профессор
Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты
«Жалпы физика» кафедрасы
Email: g.turlybekova@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Турлыбекова Гулжан Капасовна – қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты, ғылыми-педагогикалық өтілі 18 жыл.
Турлыбекова Г.К. 1997 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға оқуға түсіп, 2001 жылы аталған оқу орнын «Физика» мамандығы (физика оқытушысы) бойынша тәмәмдады. Сол жылы жоғарыда аталған оқу орнының «Физика» мамандығының магистратурасына оқуға түсіп, үздік дипломмен магистратураны тәмәмдайды.
2003 жылдың желтоқсанынан 2005 жылдың желтоқсаны аралығында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың «Жалпы және теориялық физика» кафедрасында аспирантурада білім алады. 2008 жылдың маусымында техника ғылымдарының кандидаттығына ізденіс бойынша диссертация қорғайды.
2006 жылдан бастап Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУдың «Жалпы және теориялық физика» кафедрасында оқытушылық қызметін бастады, 2009 жылдан бастап кафедрада аға оқытушы, 2016 жылдан «Инженерлік физика» кафедрасының лекторы, 2020 жылдан «Инженерлік физика» кафедрасының сениор лекторы, 2022 жылдан бері аға оқытушы, 2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Жалпы физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
40-тан астам ғылыми және әдістемелік еңбектерге ие.
Білімі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, физика факультеті, физика мамандығы, физика оқытушысы, бакалавр академиялық дәрежесі (1997-2001).
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, физика факультеті, Физика магистрі академиялық дәрежесі (2001-2003).
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, "Жалпы және теориялық физика" кафедрасы, аспирантура (2003-2005)
Ғылыми жобалар
Физика. Оптика. Жұқа магнитті қабықшалардың акустикалық қасиеттерін зерттеу№ | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
---|