Университеттің ғылыми жобалары

Өндіріске енгізілген ғылыми технологиялар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың маңызды жетістіктері болып саналады. Ал зерттеулердің басты бағыты – ғылымның, техника мен технологияның дамуы барысында келешегі зор, әрі әлеуметтік маңыздылығы жоғары салалар болып табылады. Атап айтқанда:   

  • ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер;
  • химиялық технологиялар;
  • наножүйелер және материалдар индустриясы;
  • энергетика және энергия үнемдеу;
  • табиғатты тиімді пайдалану;
  • мұнай және пайдалы қазбаларды өндіру.

Басты міндет – жаңа білім шыңына шығу; отандық технологияларды дамытып, оларды коммерциализациялау үшін қажетті серіктестік механизмдерін орнату; инновациялық қызметке қаржылық қолдау көрсету жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және интеллектуалды потенциалды дамыту, сондай-ақ экономиканың инновациялық саласын дамыту үшін маңызы зор басқа да мәселелерді шешу.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – республикадағы инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы болып табылады. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары өз ғылыми мақалаларын әлемдік жетекші ғылыми журналдар бетінде жариялайды, оның үстіне жыл сайын жаңадан ашылған жаңалықтар, авторлық куәліктер мен патенттер саны да артып келеді.

Университет өндіріспен тығыз қарым-қатынас жасай отырып жұмыс істеуде, соның нәтижесінде шаруашылықтағы өзекті мәселелерді шешуге қажетті іргелі және практикалық идеялар жүзеге асырылып келеді. Мұндағы ғылыми зерттеушілер отандық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болып отырса, олардың ғылыми еңбектері шетелдік конференциялар мен симпозиумдарда тиісті дәрежеде мойындалып, жоғары бағаланып келеді. Зерттеушілер ғылым мен технологияның жаңа белестерін бағындырып, оның нәтижелерін инновациялық жүйеге сәйкес сәтті түрде өндіріске енгізу үшін белсенді еңбек етіп келеді. Инновациялық жүйе ғылыми-техникалық зерттеулердің идеялық дамуынан бастап, оны өндіріске толық енгізгенге дейін қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Университет ғылыми жұмыстарын бірнеше жылдарға бұрын жоспарлап қояды да, өзінің келешегін үшінші индустриялық революциямен ұштастырып отырады.

AP08857319 «Жылу сорғыларының жоғары өнімділігін қамтамасыз ету үшін тік ұңғымалы топырақтағы жылу алмастырғыштың жылу алмасу қасиеттерін жақсарту жолдарын зерттеу»
AP08857367 «Қазақстанда өндірілетін ортадан тепкіш сорғылардың энергиялық тиімділік және сенімділік көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар дайындау»
«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыры бағыттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдауда энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту