Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Университеттің ғылыми жобалары

Өндіріске енгізілген ғылыми технологиялар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың маңызды жетістіктері болып саналады. Ал зерттеулердің басты бағыты – ғылымның, техника мен технологияның дамуы барысында келешегі зор, әрі әлеуметтік маңыздылығы жоғары салалар болып табылады. Атап айтқанда:   

  • ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер;
  • химиялық технологиялар;
  • наножүйелер және материалдар индустриясы;
  • энергетика және энергия үнемдеу;
  • табиғатты тиімді пайдалану;
  • мұнай және пайдалы қазбаларды өндіру.

Басты міндет – жаңа білім шыңына шығу; отандық технологияларды дамытып, оларды коммерциализациялау үшін қажетті серіктестік механизмдерін орнату; инновациялық қызметке қаржылық қолдау көрсету жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және интеллектуалды потенциалды дамыту, сондай-ақ экономиканың инновациялық саласын дамыту үшін маңызы зор басқа да мәселелерді шешу.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – республикадағы инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы болып табылады. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары өз ғылыми мақалаларын әлемдік жетекші ғылыми журналдар бетінде жариялайды, оның үстіне жыл сайын жаңадан ашылған жаңалықтар, авторлық куәліктер мен патенттер саны да артып келеді.

Университет өндіріспен тығыз қарым-қатынас жасай отырып жұмыс істеуде, соның нәтижесінде шаруашылықтағы өзекті мәселелерді шешуге қажетті іргелі және практикалық идеялар жүзеге асырылып келеді. Мұндағы ғылыми зерттеушілер отандық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болып отырса, олардың ғылыми еңбектері шетелдік конференциялар мен симпозиумдарда тиісті дәрежеде мойындалып, жоғары бағаланып келеді. Зерттеушілер ғылым мен технологияның жаңа белестерін бағындырып, оның нәтижелерін инновациялық жүйеге сәйкес сәтті түрде өндіріске енгізу үшін белсенді еңбек етіп келеді. Инновациялық жүйе ғылыми-техникалық зерттеулердің идеялық дамуынан бастап, оны өндіріске толық енгізгенге дейін қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Университет ғылыми жұмыстарын бірнеше жылдарға бұрын жоспарлап қояды да, өзінің келешегін үшінші индустриялық революциямен ұштастырып отырады.

AP19576865 Электр энергиясын сақтау құрылғыларында қолдану үшін модификацияланған MXene материалдарын алу және зерттеу
AP19576391 Big Data көмегімен жинақталған кондициялық емес көп компонентті хром -, марганец бар қалдықтардан жаңа қорытпалар алудың инновациялық технологиясын әзірлеу
AP19575556 Уранды ұңғымалық игеру кезінде полимерлі және тұтқыр компоненттерді қолдана отырып, уранды жерасты шаймалауды күшейтудің инновациялық технологиясын құру
AP19175733 Су тазалауға арналған модификацияланған Қазақстанның бентонит сазы мен полимерлер негізіндегі антисептикалық қасиеті жоғары әмбебап полимер сазды композит әзірлеу
AP19175313 Белгісіздік жағдайында бассейндік модельдеу негізінде Шу-Сарысу алабы Тасбұлақ ойпаты палеозой шөгінділерінің көмірсутектік жүйелерін талдау және мұнай-газ әлеуетін бағалау
AP19174932 Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы жер асты суларының қорын жасанды толықтырудың тәжірибелік жүйелеріндегі колматациялық процестерді зерттеу
АР22684027 «Іске қосу режимдерінде ауыр роторлы технологиялық машиналардың энергия тиімділігін арттыру үшін инновациялық технологиялар мен техниканы әзірлеу және зерттеу»
AP22686732 «Дисперсті құрылғыларды қолдана отырып кәдеге жарату үшін технологиялық ұңғымалардың пайдаланылған бұрғылау ерітінділерін фракциялау процесінің тиімділігін арттыру»
AP23489685 «Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру кезінде карьерлік технологиялық жолдардың ақаулары мен сипаттамаларын бақылаудың цифрлық әдісін әзірлеу»
AP19178659 Тербеліс спектроскопия көмегімен сурьма селенидінің тор динамикасын зерттеу
AP19679937 Тетрациклин/CuO нанобөлшектері бар целлюлоза наноталшықтары мен альгинат негізіндегі гибридті-гельдердің синтезі және қасиеттері (2023-2025 ж.)
AP19577049 Өнеркәсіптік суларды радионуклидтерден тазарту үшін биомассалық сорбенттерін синтездеу, сипаттау және физика-химиялық зерттеу
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту