Сейдахметова Назира Махмутовна
Докторлық диссертация қорғау туралы
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (ҚазҰТЗУ) 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін, докторант Сейдахметова Назира Махмутовна «Қазақстанның қара тақтатасты кенін кешенді өңдеу технологиясын әзірлеу» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғайды.
Диссертация «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ-да және «ҚР Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ның «Сирек металдар» зертханасында орындалды.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Жұрынов М.Ж. – химия ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі, Ұлттық ғылым академиясының президенті, Алматы қ., Қазақстан.
2. Козлов В.А. - техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Металлургиялық процестер, жылу техникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан.
3. Смирнов К.М. – техника ғылымдарының кандидаты, «Химиялық технологияның жетекші ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның «Минералды шикізатты кешенді өңдеу» бөлімшесінің бастығы, Мәскеу қ., Ресей.
Рецензенттер:
1. Ультаракова А.М. – техника ғылымдарының кандидаты, «Металлургия және кен байыту» институтының «Титан және сирек қиын балқитын металдар» зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан (мамандық шифры 05.16.02).
2. Алтайбаев Б.Т. – PhD докторы, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС «Жерасты шаймалау» зертханасының ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан (мамандық шифры 6D070900).
Диссертацияны қорғау 2020 жылы 8 желтоқсанда, сағат 09-00-де, мына мекен-жайда өтеді: 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі 29/133 Уәлиханов көшесінің қиылысы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Металлургия және кен байыту» институты ғимаратының конференц-залы.
Университеттің сайты: https://official.satbayev.university/kk/protection,
e-mail: erkej@mail.ru
Ғылыми хатшы: т.ғ.к. Молдабаева Г.Ж.
e-mail: gulnara.moldabayeva@satbayev.university, тел.: +7 (707) 392 44 81
8.12.2020 жылғы диссертациялық кеңес жиналысының бейнежазбасы