Смайлов Нуржигит Куралбаевич
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «6D071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша докторант Смайлов Нуржигит Куралбаевичтің «Талшықты – оптикалық Брэгг торы негізінде температура сенсорын модельдеу және зерттеу» тақырыбында философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғауы өткізіледі.
Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Электротехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасында орындалған. Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Жунусов Қанат Хафизович – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ., Қазақстан;
2. Waldemar Wojcik – техника ғылымдарының докторы, профессор, Люблин техникалық университеті, Люблин қ., Польша.
Рецензенттер:
1. Айтмагамбетов Алтай Зуфарович – техникалық ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.12.17.
2. Бахтиярова Елена Ажибековна – техникалық ғылымдарының кандидаты, профессор ассистенті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.17.
Қорғау 2017 жылдың 9 маусым, сағат 14-00-да Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің келесі мекен жайы бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Тау-кен ғимараты, 246 аудитория.
Университеттің сайты: www.kaznitu.kz, e-mail: ident06@mail.ru
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар бойынша Диссертациялық кеңестің Ғылыми хатшысы:
Сейлова Нургуль Абадуллаевна – техникалық ғылымдар кандидаты, кафедра меңгерушісі. Байланыс деректері: seilova_na@mail.ru