Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Университеттің ғылыми жобалары

Өндіріске енгізілген ғылыми технологиялар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың маңызды жетістіктері болып саналады. Ал зерттеулердің басты бағыты – ғылымның, техника мен технологияның дамуы барысында келешегі зор, әрі әлеуметтік маңыздылығы жоғары салалар болып табылады. Атап айтқанда:   

  • ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер;
  • химиялық технологиялар;
  • наножүйелер және материалдар индустриясы;
  • энергетика және энергия үнемдеу;
  • табиғатты тиімді пайдалану;
  • мұнай және пайдалы қазбаларды өндіру.

Басты міндет – жаңа білім шыңына шығу; отандық технологияларды дамытып, оларды коммерциализациялау үшін қажетті серіктестік механизмдерін орнату; инновациялық қызметке қаржылық қолдау көрсету жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және интеллектуалды потенциалды дамыту, сондай-ақ экономиканың инновациялық саласын дамыту үшін маңызы зор басқа да мәселелерді шешу.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – республикадағы инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы болып табылады. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары өз ғылыми мақалаларын әлемдік жетекші ғылыми журналдар бетінде жариялайды, оның үстіне жыл сайын жаңадан ашылған жаңалықтар, авторлық куәліктер мен патенттер саны да артып келеді.

Университет өндіріспен тығыз қарым-қатынас жасай отырып жұмыс істеуде, соның нәтижесінде шаруашылықтағы өзекті мәселелерді шешуге қажетті іргелі және практикалық идеялар жүзеге асырылып келеді. Мұндағы ғылыми зерттеушілер отандық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болып отырса, олардың ғылыми еңбектері шетелдік конференциялар мен симпозиумдарда тиісті дәрежеде мойындалып, жоғары бағаланып келеді. Зерттеушілер ғылым мен технологияның жаңа белестерін бағындырып, оның нәтижелерін инновациялық жүйеге сәйкес сәтті түрде өндіріске енгізу үшін белсенді еңбек етіп келеді. Инновациялық жүйе ғылыми-техникалық зерттеулердің идеялық дамуынан бастап, оны өндіріске толық енгізгенге дейін қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Университет ғылыми жұмыстарын бірнеше жылдарға бұрын жоспарлап қояды да, өзінің келешегін үшінші индустриялық революциямен ұштастырып отырады.

AP22683343 «Күрделі геологиялық құрылымдары бар кен орнында геологиялық-техникалық іс-шараларды таңдау кезінде шешім қабылдау әдістерін жетілдіру»
AP22683184 «Айналымдағы микроРНҚ молекулаларын нейродегенеративті аурулардың биомаркерлері ретінде зерттеу»
AP22682919 «Қазақстан Республикасының кен орындарында мұнай беруді ұлғайту үшін полимерлі су айдауды қолдану мониторингінің ғылыми-техникалық негіздері»
AP19680477 «Пиро- және гидрометаллургиялық процестерді пайдалана отырып, никель-кобальтқұрамды кендерді өңдеудің кешенді технологиясын жасау»
AP19680360 «Кешенді геомеханикалық және геофизикалық зерттеулер негізінде кенді кен орындарын игеру кезінде тау жыныстарының кернеулі-деформациялық күйін модельдеу»
Ақтөбе кен орнының құрамында алтыны бар шикізатын кешенді байыту мен байытудың тиімді технологиясын әзірлеу
AP19680130 «Жер бетінің опырылу қаупі жағдайында пайдалы қазбаларды толық игеру және өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»
ИРН AP19679911 "Күрделі гидрогенді кен орындарын игеру кезінде уранды сілтілеу тиімділігін арттыру"
AP19679905 «ИТЭР үшін бланкет материалдары ретінде екі фазалы литий керамикасындағы сутегі сынғыштығы кезіндегі жоғары температуралық деградация процестерін зерттеу»
AP19679745 «Сутегі өндірісінің өнімділігін арттыру үшін цианобактериялардың hup-мутанттарын құрастыру және дақылдау технологиясын әзірлеу»
AP19679572 «Тауарлық өнімдерді ала отырып болат балқыту өндірістерінен алынатын мырыш шаңын кәдеге жаратудың жаңа технологиясын әзірлеу»
AP19679536 « Магниттік шектеуі бар термоядролық реакторларда зымырайтын электрондар тудыратын позитрондардың қасиеттерін зерттеу»
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту