Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Университеттің ғылыми жобалары

Өндіріске енгізілген ғылыми технологиялар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың маңызды жетістіктері болып саналады. Ал зерттеулердің басты бағыты – ғылымның, техника мен технологияның дамуы барысында келешегі зор, әрі әлеуметтік маңыздылығы жоғары салалар болып табылады. Атап айтқанда:   

  • ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер;
  • химиялық технологиялар;
  • наножүйелер және материалдар индустриясы;
  • энергетика және энергия үнемдеу;
  • табиғатты тиімді пайдалану;
  • мұнай және пайдалы қазбаларды өндіру.

Басты міндет – жаңа білім шыңына шығу; отандық технологияларды дамытып, оларды коммерциализациялау үшін қажетті серіктестік механизмдерін орнату; инновациялық қызметке қаржылық қолдау көрсету жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және интеллектуалды потенциалды дамыту, сондай-ақ экономиканың инновациялық саласын дамыту үшін маңызы зор басқа да мәселелерді шешу.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – республикадағы инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы болып табылады. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары өз ғылыми мақалаларын әлемдік жетекші ғылыми журналдар бетінде жариялайды, оның үстіне жыл сайын жаңадан ашылған жаңалықтар, авторлық куәліктер мен патенттер саны да артып келеді.

Университет өндіріспен тығыз қарым-қатынас жасай отырып жұмыс істеуде, соның нәтижесінде шаруашылықтағы өзекті мәселелерді шешуге қажетті іргелі және практикалық идеялар жүзеге асырылып келеді. Мұндағы ғылыми зерттеушілер отандық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болып отырса, олардың ғылыми еңбектері шетелдік конференциялар мен симпозиумдарда тиісті дәрежеде мойындалып, жоғары бағаланып келеді. Зерттеушілер ғылым мен технологияның жаңа белестерін бағындырып, оның нәтижелерін инновациялық жүйеге сәйкес сәтті түрде өндіріске енгізу үшін белсенді еңбек етіп келеді. Инновациялық жүйе ғылыми-техникалық зерттеулердің идеялық дамуынан бастап, оны өндіріске толық енгізгенге дейін қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Университет ғылыми жұмыстарын бірнеше жылдарға бұрын жоспарлап қояды да, өзінің келешегін үшінші индустриялық революциямен ұштастырып отырады.

AP23485820 « Жүрек ауруларын диагностикалауда портативті кардиоанализатордың сигнал сапасын мен болжау дәлдігін арттыру»
AP23485052 «Түпкі кенорындар кендерінде, құм шашылымдарында және оларды қайта өңдеу өнімдеріңдегі жұқа және наноөлшемді алтынды зерттеу әдістемесін әзірлеу»
AP23484450 «Бұрғылау құралдарын жарақтандыру үшін жоғары механикалық және пайдалану сипаттамалары бар құрамында алмазы бар инновациялық композициялық материалдарды әзірлеу»
AP23484034 «Күрделі жағдайларда ұңғыма қабырғаларын бекіту кезінде сапаны, тәуекелді жағдайларды және шешім қабылдауды бағалау әдістемесін әзірлеу»
AP22788965 «Қазақстанның газ тасымалдау магистральдарының қалдық ресурсын бағалау және жөндеу әдістерін әзірлеу»
AP22788736 «Энергияны сақтау жүйелері үшін иондық полимерлер ретінде полиамфолиттер синтезі мен зерттеу негізі»
AP22786142 «Қайта өңделген асфальт жабынында әлеуетті жасартушы агент ретінде мұнайлы қалдықтарды пайдалану»
AP22686490 «Титан бар шикізатты хлормен өңдеу кезінде ниобий алу»
AP22686112 «Перифериялық артерия ауруы бар науқастарда машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып, бір жасушалы РНҚ деректерінен соматикалық мутацияларды зерттеу»
AP22685781 «Икемділікті және процесті автоматтандыруды арттыру үшін компьютерлік көруді пайдалана отырып манипуляторды басқару жүйесін әзірлеу»
AP22685776 «Қуаты аз тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету үшін фотоэлектрлік шатыр панелін салқындату жүйесінің прототипін жасау»
AP22685758 «Монолитті құрылысқа арналған цеолитті модификацияланған бетон»
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту