Алпысбай Маруа Айболқызы

Алпысбай Маруа Айболқызы

Техника ғылымдарының магистрі

Оқытушы

Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты

Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасы

Email: m.alpysbay@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

2017 жылы бакалавриатты "Геодезия және картография" мамандығы бойынша үздік бітірді (GPA 3.93). Дипломдық жұмыстың тақырыбы: "Қапшағай су қоймасының қоршаған ортаға әсерін зерттеу және оны картаға түсіру". Магистратураны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Картография" (GPA 3.97) мамандығы бойынша үздік бітірген. Магистрлік диссертациялық жұмыстың тақырыбы: "Каспий теңізі акваториясында мұнай ластануын сәйкестендіру және мониторингілеу технологиясын әзірлеу". 2022 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Геодезия" мамандығы бойынша докторантураны бітірген. Докторлық диссертацияның тақырыбы:"вегетациялық индекстерді, GPS технологияларын және нейрондық желі әдістерін қолдана отырып, дақылдардың өнімділігін болжау моделін жасау".

2D, 3D карталарын, веб-портал мен сайтты құруда өндірістік тәжірибесі бар. Ғылыми жобаларға орындаушы ретінде қатысты. Геокеңістіктік деректерді жинау, өңдеу, талдау және интерпретациялау дағдыларына ие, сонымен қатар карталарды құру, географиялық құбылыстар мен процестерді модельдеу және болжау құралдары мен әдістеріне ие.

Сондай-ақ, 2016-2017 жылдары "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының "ОЗАТ" стипендиялық бағдарламасы шеңберінде атаулы стипендия иегері болды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда тәжірибесі бар, әртүрлі тақырыптарға арналған 13-тен астам ғылыми еңбектердің авторы және бірлескен авторы.  2022 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде, Ресейдің Санкт-петербург қаласында тағылымдамадан өтті. EDX, Coursera, ESRI сияқты әртүрлі open-source ресурстарында үздіксіз біліктілікті арттырады. 4 тілді меңгерген: қазақ, орыс, ағылшын, француз.

Білімі

013-2017жж. - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Мамандығы-Геодезия және картография

Дәрежесі-бакалавр

2017-2019 жылдары-Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Мамандығы-Картография

Дәрежесі-магистр

2019-2022 жылдары-Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Мамандығы-Геодезия

Дәрежесі-PhD Кандидаты