AP08855714 «Майда дисперсті минералды ұнтақты жүйе негізіндегі жылыуоқшаулағыш жабын»
Жобаның өзектілігі
Жақсы пайдаланушылық қасиеттерге ие Қазақстан Республикасындағы жергілікті минералды толтырғыштардың негізіндегі сұйық жылу оқшаулағыш жабындылардың құрамдары алғаш рет жасалатын болады жасау бойынша алынған ғылыми нәтижелерді қазіргі бар зауыттарды қолдануға болады. Толтырылған тұтқыр СЖЖ құрамына жіңішке дисперсті минералды толтырғыштарды енгізу есебінен импортты қуыс микросфералардың шығыны азаяю жоғары кеуекті құрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді және нәтижесінде тығыздықты және жылу өткізгіштікті, сонымен қатар өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үшін осы мәселенің өзектілігі, ең алдымен, қоршаған ортаның орташа жылдық төмен температурасымен, жылыту маусымының ұзақтылығымен, сонымен қатар моралдық және физикалық тозған жабдықтардың болуымен шартталған. Мысалы, Қазақстанда орташа жылдық температура (оңтүстіктен басқа) өткір-континентальді және қаңтардағы орташа температура -4 °C және - 19°C аралығында және шілдеде +19…+26 °C. Қыста температура - 45 °C төмендеуі, жазда +30 °C дейін көтерілуі мүмкін.
Жобаның негізгі мақсаты
Жіңішке дисперсті минералды түйіршікті жүйелердің негізінде энергиялық тиімді жылу оқшаулағыш құрамдарды жасау
Күтілетін нәтижелер
Жобаны орындау барысында қуыс микросфералардың және жіңішке дисперсті минералды толтырғыштардың негізіндегі сұйық жылу оқшаулағыш жабындылардың құрамдары, оларды өндіру технологиясы және түрлі типті табандарға жағу технологиясы, өндіріске технологиялық және конструкторлық құжаттар жасалатын болады. Патент алынатын болады және нолдік емес импакт-факторы бар кем дегенде 3 мақала жарияланатын болады. Жіңішке дисперсті минералды жабындылардың негізінде жылу оқшаулағыш құрамдарды жасау бойынша алынған ғылыми нәтижелер бу, ыстық және суық су құбырларын; өндірістік жабдықтарды және тұрғын үй, қоғамдық және т.б. құрылыстарды жылу оқшаулау кезінде қолданылады. Сұйық жылу оқшаулағыш жабындыларды жағу: технологиялық құбырлар мен аппаратуралардың сенімді жылу оқшауын қамтамасыз етуге, капиталды жөңдеу жасалмаған және сәулет көрінісі өзгертілмеген құрылыс конструкцияларның мұздауын болдырмауға, жылытылмайтын бөлмелерді, суық су құбырларын конденсатты пайда болуынан қорғауға, төбелер мен тоңазытқыш жабдықтардың жылу оқшауын қамтамасыз етуге және т.б. мүмкіндік береді.
Қол жеткізілген нәтижелер:
Жасалған композициялардың көрсеткіштері эксперименталды түрде анықталды; ЖТП сапа көрсеткіштерін және климаттық факторларды бағалау жүргізілді; табиғи-климаттық факторлар жағдайында ҚТҚ төзімділігіне құрылымдық параметрлердің әсері анықталды; базаның түрін (бетон, металл, кірпіш, сылақ және т.б.) ескере отырып эксперименталды зерттеулер жүргізілді.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні және идентификаторлары:
- Жұмаділова Жанар Оразбекқызы – ғылыми жетекші
- Нурлыбаев Руслан Ергалиевич – бас ғылыми қызметкер
- Орынбеков Елжан Серикович - жетекші ғылыми қызметкер
- Джолдасов Айдос Абдисалимович – аға ғылыми қызметкер
- Селяев Владимир Павлович - бас ғылыми қызметкер
- Хамза Ерлан Ергалиулы – орындаушы
- Жугинисов Маратбек Турабайулы - жетекші ғылыми қызметкер
- Ақмалайұлы Кенжебек - жетекші ғылыми қызметкер
- Мурзагулова Актота Айтугановна – кіші ғылыми қызметкер
- Якупбаев Сырымбек Алдангарович – инженер
Басылымдар тізімі:
1. Zhumadilova, Zhanar O.; Selyaev, Vladimir P.; Nurlybaev, Ruslan E.; Orynbekov, Yelzhan S., Sangulova, Indira B. Study Of Energy-Saving Liquid Thermal Insulating Coatings Based On Local Finely Dispersed Systems. Periódico Tchê Química. ISSN - 1806-0374 (Print). ISSN - 2179-0302 (Online). LCCN: 2010240735. Vol.18 (n°37). 2021. Porto Alegre, RS. Brasil. March, 2021. P. 189. (в момент подачи и принятии статьи журнал имел Percentille 72% по базе Scopus).
2. В.П. Селяев, Р.Е. Нурлыбаев, И.Б. Сангулова, Е.Л. Кечуткина. Оптимизация составов теплоизоляционных покрытий на основе водной дисперсии полимерных вяжущих. Научно-практический журнал "Эксперт: Теория и практика“. Тольятти. 2021, №4(13). С. 23-28. В печати.
3. R.E. Nurlybayev, M.T. Zhuginisov, Zh.O. Zhumadilova, Ye.S. Orynbekov, E.E. Khamza, Sangulova I.B. Investigation of the effect of diatomite and bentonite clays on the properties of local loam-based products. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i4.23. №4 2021 Вестник КазНИТУ. С.180.
4. Orynbekov, Yelzhan S., Zhumadilova, Zhanar O.; Selyaev, Vladimir P.; Nurlybaev, Ruslan E.; Sangulova, Indira B. Подана статья "The influence of climatic factors on the change in the elastic-strength indicators of epoxy polymers binders used in liquid thermal insulation coatings" в зарубежную конференцию «The 2021 Southern brazilian journal of chemistry conference». Porto Alegre, RS. Brasil. March 18-19, 2022. В печати.
5. Sangulova I.B., Selyaev V.P., Kuldeev E.I., Nurlybaev R.E., Orynbekov Ye.S. Assessment of the influence of the structural characteristics of granular systems of microsilicon on the properties of thermal insulation materials. Комплексное Использование Минерального Сырья. №3 (318), 2021. Опубликовано.