БНҚ ЖТН BR21881939 Тау-кен металлургия кешені үшін ресурс үнемдейтін энергия өндіруші технологияларды әзірлеу және инновациялық инжинирингтік орталық құру"

Жобаның мақсаты:

Сирек металдардың концентраттарын ала отырып, құрамында ванадий бар шикізатты өңдеудің аралас технологиясын әзірлеу, сондай-ақ металдарды термиялық ыдырату, шаймалау, сорбциялау және шоғырландыру процестерінің ғылыми-теориялық негіздемесі, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіру үшін құрамында темір бар ұнтақтар мен алюмосиликатты толтырғыштар түріндегі арнайы материалдарды алу. Энергия өндіретін металлургиялық процестер, жылу техникасы және ұнтақты металлургия зертханасын құру және аккредиттеу.

Өзектілігі:

Қазақстанда сирек металдардың қомақты қоры бар, бірақ олардың еліміздегі өндірісі тұрақсыз. Сирек металдар өндірісі бойынша көшбасшы Қытай болып табылады, ол сирек және сирек жер металдар саласындағы ең үлкен ресурстарға ие, сирек металл өнімдерінің 90% -дан астамын өндіреді және бай табиғи ресурстар, жоғары өндірістік қуат сияқты бәсекелестік артықшылықтары бар.

Ішкі нарықты дамыту үшін Қытай әлемдік нарыққа сирек кездесетін металдар экспортын қысқартты. Осыған байланысты сирек металдарды қажет ететін компаниялар осы сатып алуларға мүдделі. Бұл сұраныс кен және техногендік шикізаттан металдарды алу үшін жаңа технологияларды зерттеуді, сондай-ақ шикізаттың жаңа көздерін белсенді іздеуге  ынталандырады. Осындай әлеуетті көздердің бірі – құрамында ванадий  шикізаты бар гидрометаллургиялық зауыт - ЖШС "Балауса" мекемесі.

Ғылыми жетекшісі: PhD, т.ғ.к., қаумд. профессор, Чепуштанова Татьяна Александровна

Жобаны орындаушылардың сандық және сапалық құрамы: 4 орындаушы, оның ішінде: 4 PhD.

Алынған нәтижелер: жобаның басталуы – 2023 ж.

Іске асыру мерзімі: 2023-2025 жж.

Университеттің ғылыми жобалары

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту