AP 06851287 – Блоктық симметриялық шифрлау алгоритмін әзірлеу
Жобаның мақсаты:
Жобаның мақсаты – блоктық симметриялық шифрлау алгоритмін (БСША) әзірлеу, Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін қорғау және оның шетелдік ақпараттық қауіпсіздік институттарынан криптографиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық стандартқа үміткер ретінде алгоритмді әзірлеу.
Өзектілігі:
Еліміздің ақпараттық кеңістігін қорғанысы оның тәуелсіздігін сақтаудың бір факторы болып табылады. Жеке ақпаратты қорғау алгоритмін әзірлеу, біріншіден, тұтастай алғанда ақпараттық қауіпсіздік саласының дамуына ықпал етеді. Екіншіден, Қазақстан Республикасын жеткілікті ғылыми әлеуеті бар ел ретінде жариялауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, ол қолданбалы нәтиже ретінде ел ішіндегі ақпарат айналымының қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді және отандық ақпаратты криптографиялық қорғау ашық құралдарды әзірлеу үшін алғышарттар жасайды.
Блоктық симметриялық шифрлау алгоритмінің негізгі түйіндерінің криптографиялық қасиеттеріне қойылатын талаптарды әзірлеу, тактикалық-техникалық шарттарды тұжырымдау. Блоктық симметриялық шифрлау алгоритмдерін, кілттерді генерациялауға, таратуға және басқаруға арналған криптографиялық хаттамаларын әзірлеу және зерттеу қазіргі ғылыми мәселелер болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі мен ғылыми жаңалығы блоктық симметриялық шифрлау алгоритмді, криптографиялық ақпаратты қорғауға арналған кросс-платформалық бағдарламалық қамтаманы әзірлеуінде ғылыми негізделген өз әдістерін қолдануда.
Жобаның ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., зерттеуші профессор Нұргүл Абадуллаевна Сейлова
Жоба орындаушыларының сандық және сапалық құрамы: 8 орындаушы, құрамында: 1 PhD, 4 докторант, 2 магистр.
Қол жеткізілген нәтижелер:
1. C++ және Python тілдерінде анықтамалық бағдарламалық қамтамасы әзірленді.
2. Ақпаратты криптографиялық қорғау жүйесіне техникалық спецификация жасалды.
3. «Qalqan-DS» және «Qalqan-DSM» ақпаратты криптографиялық қорғау бағдарламалық қамтамасының (АКҚБҚ), сондай-ақ «Qalqan-QG» Кілттерді қалыптастыру және қалыптастыру орталығының құрамдас бөлігі ретінде ақпаратты криптографиялық қорғау жүйесі зірленді.
4. «Qalqan» AКҚБҚ ерекшеліктерін ескере отырып, ақпаратты криптографиялық қорғау жүйесіне арналған кілттерді генерациялау, құрастыру, тарату және басқару хаттамасы әзірленді. Кілттерді сақтау пішімі анықталды.
5. «Qalqan-DS» және «Qalqan-DSM» АКҚБҚ, сондай-ақ Qalqan-QG кілттерді қалыптастыру және қалыптастыру орталығының құрамындағы ақпаратты криптографиялық қорғау жүйесі ҚР СТ 1073-2007 «Криптографиялық ақпаратты қорғау құралдары Жалпы техникалық талаптар» стандартының талаптарына сәйкестігіне зерттеу жүргізілді.
6. «Qalqan» блоктық симметриялық симмшифрлау алгоритмі алгоритмді мамандандырылған жоғары өнімді шешімдерге (мысалы, криптографиялық ақпаратты қорғау аппараттық-бағдарламалық құралдарға, кешіктіру уақыты төмен немесе жүктемесі жоғары жүйелерге) интеграциялау мақсатында Verilog тілінде бағдарламаланатын логикалық интегралды микросхемаларда жүзеге асырылған.
7. «Qalqan блоктық симметриялық шифрлау алгоритмі» авторлық куәлік (ғылым туындысы) алынды.
8. Мемлекеттің ақпараттық кеңістігін шетелдік шифрлау алгоритмдерінің құрылымдарында жарияланбаған мүмкіндіктерден туындайтын ықтимал қауіптерден қорғауды қамтамасыз ету үшін әзірленген блоктық симметриялық шифрлау алгоритм белгіленген тәртіппен ұлттық стандарт ретінде бекітуге ұсынылады.
9. «RusCrypto'2021» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына кандидаты – «Qalqan» шифрлау алгоритмі» тақырыбында, сонымен қатар «Qalqan шифрлау алгоритмі» тақырыбында VI «Информатика және қолданбалы математика» халықаралық ғылыми конференциясынды баяндамалар жасалды. Осылайша, алгоритм криптографиялық және пайдалану қасиеттері туралы объективті сын алу үшін халықаралық криптографтар қауымдастығына ұсынылған. ҒЖБССҚК деректер базасына енгізілген журналдардағы мақалалар және конференция материалдары (Scopus).
Жүзеге асыру уақыты: 2020-2021гг.