Металлургиялық процестер, жылутехникасы және арнайы материалдар технологиясы кафедрасы
Тарихы
1938 жылы Қазақстанда алғаш рет Қазақ тау кен-металлургия институтында инженер-металлургтарды даярлайтын «Жалпы металлургия» базалық кафедрасы құрылған болатын. Оның бірінші меңгерушісі доцент, техн. ғыл. канд. Барабошкин С.Н. болды.
Алғашқы металлургиялық зертханаларды ұйымдастыруда Орал политехникалық институтының түлектері, кафедрада 40 жыл жұмыс істеген, Силина Юлия Константиновна (кафедра оқытушысы) және Дегтярева Екатерина Дмитриевна (лаборант) қатысты. Сабақтар жүргізу үшін мына техника ғылымдарының докторлары, профессорлар шақырылды: Сажин Виктор Сергеевич (кейіннен – Украина ҒА мүше-корр.), Исакова Руфина Афанасьевна (Қазақстан ҒА мүше-корр.), Цефт Андриан Лукьянович (Қазақстан ҒА академигі), Путилин Юрий Михайлович (кейіннен Қазақстандағы минералды шикізат институтының және Ресейдегі жасанды минералдар институтының директоры).
Кафедрада, кейіннен Қазақстан үшін бірқатар жаңа мамандықтар бойынша студенттер даярлауды ұйымдастыруға негіз болған пәндер енгізілді. Мысалы, «Металтану» пәнінің негізінде «Металтану және металдарды термиялық өңдеу» мамандығы, ал «Металлургия процестерін автоматтандыру» курсы негізінде сонымен аттас мамандық пайда болды.
Кафедра үшін 1980 жыл айрықша мәнді болды, бұл жылы Қазақстан үшін жаңа мамандық «Металлургия процестерін физика-химиялық зерттеу» бойынша студенттерді даярлаумен байланысты, кафедра статусын өзгерту туралы шешім қабылданды: ол мамандық беруші кафедралар қатарына қосылды. Оқу процесін жүйелендіруде көптеген ғалымдар үлкен үлес қосты, профессорлар: Романов Л.Г. – ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Луганов В.А., Байысбеков Ш.Б., Байқонырова Ә.Ө., Әбжаппаров Ә.Ә., доценттер: Ищанов Т.К., Түркеев М.Е., Никифоров Ю.А., Василевский О.В., Сажин Е.Н., Еділбаева Г.И., Усольцева Г.А.; инженерлер: Барабанов Н.С., Бутовченко Л.Г., Снежко Л.Г., Подолеева Т.Г., Василенко М.В. және басқалар.
Қазіргі кезде кафедрада ПОҚ құрамында 2 техникалық ғылым докторы, 4 техникалық ғылым кандидаты, 3 PhD докторы, 3 магистр – ассистент жұмыс істейді; оқу процесін тұрақты дамытуды қамтамасыз етуде 4 инженер көмектеседі.
Кафедраның құрылған уақытынан бері меңгеруші болғандар:
• 1938– 1941 ж.ж. – техн. ғыл. канд., доцент Барабошкин С.Н.;
• 1941– 1956 ж.ж. – профессор Буллах А.А.;
• 1956 – 1961 ж.ж. – техн. ғыл. докторы, профессор Сушков К.В.;
• 1961 – 1966 ж.ж. – техн. ғыл. докторы, профессор Цефт А.Л.;
• 1966 – 1974 ж.ж. – техн. ғыл. докторы, профессор Сушков К.В.;
• 1975 – 1980 ж.ж. – техн. ғыл. кандидаты, доцент Луганов В.А.;
• 1980 – 1997 ж.ж. – техн. ғыл. докторы, профессор Романов Л.Г. ;
• 1997 – 2000 ж.ж. – хим. ғыл. канд., доцент Байқонырова Ә.Ө.;
• 2001 – 2003 ж.ж. – техн. ғыл. кандидаты, доцент Василевский О.В.;
• 2003 – 2005 ж.ж. – техн. ғыл. докторы, профессор Махамбетова Ұ.Қ.;
• 2005 – 2016 ж.ж. – техн. ғыл. докторы, профессор Байқонырова Ә.Ө.;
• 2016 жылдан қазірге дейін – қауымдастырылған профессор, PhD, техн. ғыл. кандидаты Чепуштанова Т.А.
Міндеті мен стратегиясы
«Металлургиялық процестер, жылутехникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының мақсаты – студенттердің оқу процессі барысында әлеуметтік және дербес дағдылары мен табысты индустриялық және технологиялық қанағаттандыру бойынша, металлургия саласындағы ұйымдастырушылық, басқарушылық, еңбек нарығындағы сұранысқа қабілетті етіп ғылыми-зерттеу және жобалау міндеттері бойынша сондай-ақ білім берудің халықаралық стандарттарға сәйкестігіне студенттерді қалыптастыру болып табылады, сондай-ақ халықаралық білім беру стандарттарына сәйкестендіру; металлургия саласында жоғары білікті мамандарды даярлау, қазіргі заманғы болашағы зор өндірістік процестерді енгізуді жоспарлай алатын, маманданған базалық ғылыми-зерттеу орталығын құрастыруға және өте аз шығындармен жоғары сапалы өнімді қамтамасыз ету.
«Металлургиялық процестер, жылутехникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының стратегиясы Металлургия саласында негізгі білім беру бағдарламаларын бакалавр, магистратура, докторантура бойынша оқу-әдістемелік бағдарламаларымен қамтамасыз ету.
Металлургия саласындағы қиын байытылатын шикізатты экстракция және сорбциялық әдістермен өңдеудің тиімділігін арттыру.қазіргі заманғы ғылыми-технологиялық прогрестің талаптарын қанағаттандыратын, жоғары білікті, соның ішінде мамандарды оқыту және қалыптастыру, қамтамасыз ету; жаңа және шетелдік студенттерді, оқытушылары мен ғалымдарын тарту, соның ішінде жұмыс істеп тұрған өндірістерді, оқу саласына халықаралық ынтымақтастық және ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы жоғары технологиялық талаптарын енгізу, ғылыми-зерттеу және технологиялық даму көрсеткіштерін арттыру, Қазақстан инновациялық жүйесін қалыптастыру және шағын ғылыми жобалар арқылы бизнес құруға қатысу.
M.metallurgy@satbayev.university
Білім беру бағдарламалары
-
Бакалавриат
-
Магистратура
-
Докторантура
-
Қашықтықтан білім беру