AP19676743 Ерітінділердің теңгерімсіздігінің сұлбасын, геотехнологиялық полигонның жұмыс режимдерін есептеу әдістерін және жерасты шаймалаумен металлдарды тиімді өндіруге арналған геотехнологиялық ақпараттық жүйені жасау

Жоба өзектілігі

Уранды жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен өндіру кезінде ерітінділердің теңгерімсіздігі нәтижесінде сілтісіздендіру ерітіндісі жетпеген жерлерде тоқырау аймақтары қалыптасады, нәтижесінде пайдалы қазбаның алынуы төмендейді. Жобаны жүзеге асыру барысында орындаушылармен, қосымша қаржылық шығындарсыз блокты тиімді қышқылдандыру және уранды алу үшін дисбаланс схемасын есептеу және ұяшықтар мен блоктардағы ерітінділердің тепе-теңдігін қамтамасыз ету әдістерін ұсынады. Ұсынылған әдістер сонымен қатар блоктың шекарасынан тыс ерітінділердің таралуын азайтуға көмектеседі және ыңғайлы пайдаланушы интерфейсі мен визуализаторы бар геотехнологиялық ақпараттық жүйе түрінде жүзеге асырылады.

Жоба мақсаты

Жобаның мақсаты геотехнологиялық ақпараттық жүйені, сондай-ақ жерасты шаймалау әдісімен өндірілетін пайдалы кен орындарын өндірудің тиімділігін арттыру үшін геотехнологиялық полигонның жұмыс режимдері мен технологиялық ерітінділерді ұяшықтарға бөлудің теңгерімсіздік схемасын анықтау әдістерін әзірлеу болып табылады.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер

 

Жобаның негізгі нәтижесі - ЖҰШ әдісімен өндірілетін пайдалы қазбалар кен орындарының өндіріс тиімділігін арттыру үшін геотехнологиялық полигонының жұмыс режимдерін анықтау мақсатында әзірленген әдістер негізінде технологиялық ертінділердің таралуының теңгерімсіздік диаграммасын құруға мүмкіндік беретін геотехнологиялық ақпараттық жүйе болып табылады.

Геотехнологиялық жүйеге енгізілетін ұсынылған әдіс ерітінділердің таралуының схемасын анықтауға және визуализациялауға мүмкіндік береді. Әдіс ұңғымалардың жеке ұяшықтарындағы және жерасты шаймалау әдісімен өндірілетін кен орындарының блоктарындағы технологиялық ерітінділердің жергілікті теңгерімсіздігіне әкелетін факторларды зерттеу нәтижелеріне негізделетін болады. Жүргізілген зерттеулер мен теңгерімсіздік диаграммасын тұрғызу әдісі негізінде технологиялық ұяшықтар мен блоктарды тиімді қышқылдандыру үшін, сызбалар негізінде және өндірістік процестерді математикалық модельдеу арқылы ерітінділердің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін әдістеме әзірленеді.

Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер

 

Тунгатарова М.С. Scopus ID 55998783500, ResearcherID: 

AAA-8512-2020, ORCID 0000-0003-3138-3326.

Калтаев А. Scopus ID 55998788000, ORCID 0000-0003-2180-2785, ResearcherID GRY-4547-2022

Алибаева К.А. ScopusID 55999183700, ResearcherID:EKN-7678-2022, ORCID 0000-0002-5357-3334

Айжулов Д.Е. ScopusID 24385576700, ResearcherID: 

AAZ-3778-2020, ORCID 0000-0001-5496-4639

Құрмансейіт М.Б. ScopusID 57204125575, ResearcherID: 

HJJ-0563-2023, ORCID 0000-0002-5334-6537

Шаяхметов Н.М ScopusID 57204120341, ResearcherID: 

AAZ-3475-2020, ORCID 0000-0002-7559-4371

Университеттің ғылыми жобалары

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту