AP19178044 Әскери мақсаттағы құрылыс объектілерін салуға арналған құрылыс 3D принтерінің баспа бастиегін жобалау және әзірлеу

Жобаның мақсаты:

Жұмыстың мақсаты – құрылыс техникасын құрылыс 3D принтері ретінде жұмыс істеуге бейімдеу және оған орнатылатын баспа бастиегін әскери мақсаттағы құрылыс объектілерін салуға арнап жобалау және әзірлеу.

Жобаның өзектілігі:

Аддитивті технология көптеген салаларға еніп жатыр. Соның ішінде әскери құрылыс саласына да ене бастады. Атап айтқанда, АҚШ-тың Теңіз Жаяу-әскер Корпусы құрылыс 3D принтері көмегімен әскери казармалар мен ангарлар салып, бұл технологияны сәтті сынақтан өткізді. Нәтижесінде аддитивті технология құрылысқа қажетті жұмыс күшін, уақыт пен қаржы мөлшерін азайтынын көрсетті. Осыны жүзеге асырған Icon компаниясы құрылыс 3D принтері ретінде порталды роботты және 3D баспа әдісі ретінде Contour Crafting әдісін пайдаланады. Қазіргі коммерцияланған жобаларда, Icon компаниясын қоса алғанда, 3D принтерлердің базасы ретінде порталды, дельта, полярлық және сериялық роботтар қолданылады, бірақ, бұлардың ешқайсысы агрессивті орта болып саналатын далалық жағдайда пайдалануға келмейді және арнайы дайындалған құрылыс алаңы мен ғимараттың іргетасы болуын талап етеді. Демек, әскери мақсатта қолдануға айтарлықтай қолайлы емес. Жобада ұсынылған концепция бойынша – агрессивті ортада жұмыс істеуге арналып жасалған құрылыс техникасы, атап айтқанда, экскаватор құрылыс 3D принтері ретінде жұмыс істеуге бейімделінеді және жетілдірілген монолиттік әдіспен баспа жасайтын арнайы баспа бастиегі жобаланады. Экскаватор өзінің шөмішімен қазаншұңқыр қазып, құрылыс алаңын тегістеп дайындайды, сонан соң шөмішін баспа бастиекке ауыстырып, алдымен іргетасты құйып шығады, сосын қабырғаларды баспалайды. Бетон және арматура экскаватор жебесінің бойымен тасмалданып, баспа бастиекке жеткізіледі. Төбені құрылыс алаңында тегіс жерде баспалап алып, баспа бастиектің орнына ілмек орнатып, төбені көтеріп, қабырғалардың үстіне орнатады. Осылайша, бір техникамен әскери объектіні салуға болады.

Ғылыми жетекші: Сағынтай Мұхағали Қаратайұлы

Жоба орындаушыларының сандық және сапалық құрамы: 2 орындаушы бар, оның ішінде ғылыми кеңесші т.ғ.к. Исаметова М.Е.

Алынған нәтижелер: жобаның басталуы – 2023 ж.

Жүзеге асыру мерзімі: 2023-2025 жж.

Университеттің ғылыми жобалары

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту