«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыры бағыттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдауда энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

Жұмыстың негізгі ғылыми-техникалық идеясы: «ҚазТрансОйл» АҚ (одан әрі - ҚТО) жүйесіне жұмыс нәтижелерін енгізу және жоғары экономикалық қайтарымды алу арқылы тез қататын және тұтқырлығы жоғары мұнай және мұнай қоспаларын магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалдау режимдерін басқару және оңтайландыруға арналған ақпараттық жүйелер саласында ғылыми-техникалық әзірлемені- сандық технологияны жасау.

Бұл жұмыста басым әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуін, ішкі және сыртқы нарықтарда Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін сандық технологияны ҚТО-ға енгізу бойынша инновациялық қызметтің расталған нәтижелері берілген.

Жұмыстың теориялық бөлімінде:

1) химиялық реагенттерді (депрессорлық және турбулентке қарсы қоспалар) пайдалана отырып, «ыстық» айдау тәсілімен тез қататын және тұтқырлығы жоғары мұнай мен мұнай қоспаларын тасымалдауды модельдеуге арналған математикалық модельдер мен алгоритмдер жасалды;

2) сорғы агрегаттары мен қыздыру пештері жұмысының энергия үнемдеу шарттарын анықтау үшін графтар теориясының негізінде динамикалық бағдарламалау алгоритмдері мен оңтайландыру өлшемдері алынды;

3) бірнеше мұнай айдау станциялары мен қыздыру пункттері бар магистральдық мұнай құбырларында мұнайды қыздыру температурасын және айдауды жоспарлауды оңтайландыру критерийі және анықтау алгоритмдері жасалды.

Жұмыстың қолданбалы бөлімінде математикалық модельдер мен алгоритмдер негізінде SmartTran бағдарламалық жасақтамасы (БЖ) әзірленді, SmartTran БЖ және ҚТО БДБЖ (бақылау және диспетчерлік басқару жүйесі) және ЭКЕАЖ (электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі)  ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы сандық технология жасалынды. Инновациялық зерттеменің бірегейлігі - SmartTran бағдарламалық жасақтамасы нақты уақыт режимінде БДБЖ, ЭКЕАЖ арқылы бастапқы деректерді алады және мұнай қоспаларын тасымалдаудың технологиялық режимдерін есептеу, жоспарлау мен оңтайландыруды автоматтандыруды жүзеге асырады.

Жұмысты енгізу нәтижелері 2015 жылдан бастап ҚТО-ның 24 технологиялық учаскені, 35 мұнай айдау станциясын, 7 жылыту пунктін, 200 сорғы агрегатын, 67 қыздыру пештерін пайдаланатын, жалпы ұзындығы 5377,3 км магистральдық мұнай құбырларында жүргізілді.

SmartTran БЖ бойынша белгіленген энергия үнемдеу режимдерінің экономикалық тиімділігі жылына 1 274 922 287,43 теңгені құрайды (оның ішінде жылдар бойынша көрсеткіші: 2015 ж. – 1 273 946 556,54 теңге; 2016 ж. – 1 251 781 262,25 теңге; 2017 ж. – 1 299 039 043,5 теңге).

Жұмыстың негізгі ғылыми-техникалық идеясы: «ҚазТрансОйл» АҚ (одан әрі - ҚТО) жүйесіне жұмыс нәтижелерін енгізу және жоғары экономикалық қайтарымды алу арқылы тез қататын және тұтқырлығы жоғары мұнай және мұнай қоспаларын магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалдау режимдерін басқару және оңтайландыруға арналған ақпараттық жүйелер саласында ғылыми-техникалық әзірлемені- сандық технологияны жасау.

Бұл жұмыста басым әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуін, ішкі және сыртқы нарықтарда Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін сандық технологияны ҚТО-ға енгізу бойынша инновациялық қызметтің расталған нәтижелері берілген.

Жұмыстың теориялық бөлімінде:

1) химиялық реагенттерді (депрессорлық және турбулентке қарсы қоспалар) пайдалана отырып, «ыстық» айдау тәсілімен тез қататын және тұтқырлығы жоғары мұнай мен мұнай қоспаларын тасымалдауды модельдеуге арналған математикалық модельдер мен алгоритмдер жасалды;

2) сорғы агрегаттары мен қыздыру пештері жұмысының энергия үнемдеу шарттарын анықтау үшін графтар теориясының негізінде динамикалық бағдарламалау алгоритмдері мен оңтайландыру өлшемдері алынды;

3) бірнеше мұнай айдау станциялары мен қыздыру пункттері бар магистральдық мұнай құбырларында мұнайды қыздыру температурасын және айдауды жоспарлауды оңтайландыру критерийі және анықтау алгоритмдері жасалды.

Жұмыстың қолданбалы бөлімінде математикалық модельдер мен алгоритмдер негізінде SmartTran бағдарламалық жасақтамасы (БЖ) әзірленді, SmartTran БЖ және ҚТО БДБЖ (бақылау және диспетчерлік басқару жүйесі) және ЭКЕАЖ (электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі)  ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы сандық технология жасалынды. Инновациялық зерттеменің бірегейлігі - SmartTran бағдарламалық жасақтамасы нақты уақыт режимінде БДБЖ, ЭКЕАЖ арқылы бастапқы деректерді алады және мұнай қоспаларын тасымалдаудың технологиялық режимдерін есептеу, жоспарлау мен оңтайландыруды автоматтандыруды жүзеге асырады.

Жұмысты енгізу нәтижелері 2015 жылдан бастап ҚТО-ның 24 технологиялық учаскені, 35 мұнай айдау станциясын, 7 жылыту пунктін, 200 сорғы агрегатын, 67 қыздыру пештерін пайдаланатын, жалпы ұзындығы 5377,3 км магистральдық мұнай құбырларында жүргізілді.



Университеттің ғылыми жобалары

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту