ЖТН AP19679899 «Автобетонсорғы негізіндегі құрылыс 3Д принтерінің ауытқуларын компенсациялайтын және баспа бастиекті позициялайтын манипуляторды зерттеп жобалау»

Жобаның мақсаты – құрылыс 3Д принтерінің манипуляторы ретінде пайдаланатын автобетонсорғы буындарының паразиттік ауытқуларын компенсациялайтын сонымен қатар күрделі пішінді қабырғаларды баспалау үшін баспа бастиекті кеңістікте позициялайтын манипуляторды және арнайы шүмекті зерттеп жобалау.

Өзектілігі:

Автобетонсорғыш машинасының тасымалдау механизмінің буындары ашық кинематикалық құрылымы бар және ұзын жиналмалы буындардан құрылғандықтан, ол нақты позициялауға арналмаған және паразиттік ауытқулар мен тербелістерге ие. Осылайша, автобетонсорғыш бетонды басып шығару кезінде қажетті дәлдікті қамтамасыз ете алмайды. Қажетті дәлдікті қамтамассыз ету үшін басып шығару механизміне қосымша компенсациялайтын механизм керек. Ал күрделі пішінді және әртүрлі бұрыштағы қабырғаларды басып шығару үшін басып шығару механизмін кеңістікте позициялау қажет. Бұл мәселелерді шешу үшін компенсация және позициялау мүмкіндігі бар манипуляторды зерттеу және әзірлеу ұсынылады.

Ғылыми жетекшісі: доктор PhD, қауымдастырылан профессор, Мустафа Азамат Қошықұлұлы

Жобаны орындаушылардың сандық және сапалық құрамы: 6 орындаушы, оның ішінде: 1 профессор, 2 доктор PhD, 1 постдокторант, 2 докторант.

2023 жылғы нәтижелер: Әдеби шолу нәтижесі, сортталған манипулятор. Манипулятордың оптималді құрылымдық схемасы, 3Д моделі. Жылжымалы платформаларының позициялары (тікелей кинематика), кіріс буындарының бұрыштары (кері кинематика); олардың сандық нәтижелері. Манипулятордың жұмыс аймақтары мен сингулярлық конфигурациялары және оларды есепке алу бойынша ұсыныстар.

Жүзеге асыру уақыты: 2023-2025 жж.

Университеттің ғылыми жобалары

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту