Омаров Бекжан Темірханұлының
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде Омаров Бекжан Темірханұлының «Гумат құрамдас күрделі минералды тыңайтқыш алудың инновациялық технологиясын жасау» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғау өтеді. Диссертация 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша дайындалған. Жұмыс «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде» КЕАҚ орындалып, диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Жантасов Құрманбек Тәжмаханбетұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреті, «Бейорганикалық тұздар, өсу стимуляторлары және өсімдіктерді қорғау» ҒЗИ меңгерушісі (Шымкент қ.) және; Молдабеков Ш.М. – техника ғылымдарының докторы, профессор;
2. Дормешкин Олег Борисович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Беларусь мемлекеттік технологиялық институтының технологиялар трансферті бойынша халықаралық ақпараттық-талдау Орталығының директоры (Минск қ., Беларусь Республикасы).
Ресми рецензенттер:
1. Ошақбаев М.Т. – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Тыңайтқыштар мен тұздар химиясы» зертханасының Бас ғылыми қызметкері, Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), h-index – 4;
2. Ермағамбет Б.Т. – химия ғылымдарының докторы, «Көмір химиясы және технологиясы институты» ЖШС директоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы), һ-index – 6.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
1. Туртабаев Сарсенбек Койшабаевич – техника ғылымдарының докторы, химия кафедрысының профессоры. Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік-Қазақстан педагогикалық университеті (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы). Мамандық шифрі 05.17.04 – Негізгі органикалық синтез өнімдерінің технологиясы; Хирш индексі – 8;
2. Маймеков Зарлык Капарович – техника ғылымдарының докторы, профессор, экологиялық инженериясы бөлімінің меңгерушісі, инженерлік факультеті, Қырғыз-Түрік «Манас» университеті (Бишкек қ., Қырғызстан). Мамандық шифрі 05.17.01 – Бейорганикалық заттардың технологиясы, 05.17.08 – Химиялық технологияның процестері мен аппараттары; Хирш индексі – 5;
3. Капсалямов Бауыржан Ауесханович – техника ғылымдарының докторы, доцент, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг кафедрасының профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы). Мамандық шифрі 05.17.01 – Бейорганикалық заттардың технологиясы, 05.16.02 – Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы; Хирш индексі – 2.
Қорғау 2024 жылғы 20 желтоқсанда сағат 14:00-де, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде мекенжайы бойынша: 050013, Алматы қ., Сәтбаев қ., 22, ТКМ ғимараты, 257 ауд. өтеді, сондай-ақ Microsoft Teams платформасындағы онлайн форматқа сілтеме.
Сайт адресі: https://official.satbayev.university
Алдын ала жазылу бойынша онлайн форматта қатысу үшін сілтеме:
Ғылыми хатшы: т.ғ. к., доцент Ш.Н. Кубекова,
e-mail: s.kubekova@satbayev.university , тел.: +7 (708) 456 32 91