Суранчина Айнур Жумановна

Суранчина Айнур Жумановна

Гуманитарлық ғылымдар магистрі

Аға оқытушы

Жобаларды басқару институты

Шет тілдер кафедрасы

Email: a.suranchina@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

Кәсіби педагогикалық тәжірибесін 2008-2009 оқу жылынан Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы педагогикалық колледжде ағылшын тілі мұғалімі болып бастаған. 2009-2016 жылдар аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ аударма және филология факультетінде оқытушыдан аға оқытушыға дейінгі қызметтерді атқарды. 2012-2013 оқу жылында аударма және филология факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады. 2016-2017 оқу жылынан  ағылшын тілі кафедрасында сениор лектор және 2019 жылдың қараша айынан бастап Базалық Білім Беру институты директорының орынбасары қызметтерін 2021 жылдың 01-ші қыркүйегіне дейін Сәтбаев университетінде атқарды. 2017 жылы магистратура бағдарламасы бойынша "Болашақ" Халықаралық стипендиясының иегері атанды. 2021 жылдың 03-ші қыркүйегінен 2022 жылдың 25-ші тамызына дейін Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті, Қазақ тілі және Әлем тілдері институтында директордың ғылым және инновация бойынша орынбасары м.а. және аталған институт директоры м.а. болып жұмыс жасады. 2022 жылдың 26-шы тамызынан 2023 жылдың 02-ші тамызына дейін IQanat High School of Burabay дарынды балаларға арналған мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі және академиялық ментор болып жұмыс жасады. 2023 жылдың 31-ші тамызынан "Болашақ" Халықаралық стипендиясының докторантура бағдарламасы бойынша иегері атанды. 2024 жылдың 29-шы қаңтарынан бастап Сәтбаев университеті, шет тілдері кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып жатыр. 

Білімі

2004-2008 - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығы, біліктілігі - ағылшын және жапон тілдері мұғалімі.

2008-2010 - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, "Аударма ісі" мамандығы, академиялық дәрежесі - аударма ісі магистрі.

2018-2019 - Бристоль университеті, білім беру бағдарламасы - білім беру саласындағы басқару.

Ғылыми жобалар

Ағылшын тілін оқыту және мектеп мұғалімдеріне арналған мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша тіл сарапшысы, «Көші-қон процестеріндегі балалардың және білім бағдарламаларын қажет ететін балалардың тілдік дағдыларын жақсарту және оқу үлгерімін арттыру үшін орталық деңгейде әдістемелік қолдау» тақырыбындағы ЮНИСЕФ жобасы, Халықаралық ақпараттық технологиялар Университет, Алматы, Қазақстан

Жарияланымдар

1. Basic English (a coursebook for the 1st-year students of university Translation Departments), УДК 811.111(075.8) ББК 81.2 Я73 S 94 (соавторлар: Читебаева С.Ж., Оразова А.А.) (оқулық).

2. Mizamkhan, B., Kulmakhanova, N.M., Saimkulova, S.O., Aқysh, N., Suranchina, A., Dzhusakinova, S.K. Discourse issues in modern translation science research (2017) Man in India, 97 (21), pp. 691-696.

3. «Learning from students’ voice: an exploration of undergraduate students’ experiences of teaching and learning in Kazakhstan», «Қоғам & Дәуір» - ғылыми-сараптамалық журнал, №1(65) 2020, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты